Алаяқтарға алданып қалған жұлдыздар!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әртістердің жүректері нәзік! Олар аңқау әрі сенгіш... Бұл өнер өкілдерінің өздері жайлы сырттай пішкен тондары. Тіпті айтылған сөзге олардың дәлелдері де бар.

Мәселен, осыдан біраз уақыт бұрын Нұржан Керменбаевқа «Райм мен Артурдың» атын жамылған біреулер әлеуметтік желі арқылы жазып, көмек сұраған. Керменбаев соңғы сәтте ғана олардың алаяқ екенін анықтапты.

Нұржан Керменбаев, әнші:

– Мен соңғы бір біреудің отметкасында «Артур Давлетяров» деп тұрды да. Мен сол Артур Давлетяров шығар деп ойладым да, сөйтіп Артур Давлетяровтың өзіне жаздым. Сонымен бір қалада болып қалдық. Бірақ голосовой жазбайды. Текстпен жазып жатыр да. Сосын барып айтады «бір қарындасым ауырып қалып еді, соған не жасай аласың ба деді. Жақсы салып берейін дедім. Бірақ неге екені білмеймін, күмәндандым да.

Күмәнданған Нұржан бірден Артурдың топтасы Раймға шыққан. Өнерпаз олардың фейк екенін Давлетяров досының бір ғана парақшасы барын айтқан.

Нұржан Керменбаев, әнші:

– Раймға шықтым. Артур Давлетяров деген Артурдың страницасы ма или баяғы страницасы ма түсінбей жатырмын деп едім. Жоқ баяғы өзінің страницасы ғой, өзінің 1 страницасы бар. Ода «Артур кз» деді да. Бірақ Артур Давлетяров емес деді. Сөйтсем анау каспий голд жіберіп қойған, өтірік бір баланың суретін салып қойған. Левый какой то бір страница. Ондай жайттар жетеді.

Мәдина Сәдуақсова да жиі алаяқтардың құрығына түсетін әртістердің бірі. 2017 жылы «Бақай» тобымен бірігіп концерт өткізіп, қомақты қаламақы алуы керек еді. «Бірақ ол кештен бақыр тиын да алмадым», - дейді Мәдина. Себебі:

Мадина Сәдуақасова, әнші:

-Бес мың адамдық зал тола, біз оны білеміз. Ал, енді бізді шақырған кісі әйел кісі жоқ. Телефондары сөніп қалған. Бізді концертке апаратын адам да жоқ. Біз концертке барамыз ба, бармаймыз ба ол кісіге мейлі болып тұрды. Түсінікті болды енді ол кісі бізді алдап кеткені.

Ақыры өз абыройларын ойлаған олар, сахнаға шығып, концертті тегін өткізуге мәжбүр болған.

 

Әккі айлакерлердің құрығына түсетін жалғыз Сәдуақасова емес екен. Әнші Жеңіс Ысқақова: «жәрдемдескен адамдарым, көбіне алаяқ болып шығатыны өкінішті», - дейді.

Жеңіс Ысқақова, әнші:

-Кейін жаңағы алданып қалғаннан кейін, қағаздарын сұрайтын болдық. Қағазыңыз бар ма, диагнозы кәні? Счет заңды ма? Бұл сол счетқа түсе ма? Соның бәрін тексеріп барып, көмектесетін болдық.

Осылайша, алаяқтардың тәсілін түсінген Жеңіс ханым бүгінде бәрін жіті тексеруден өткізетін болған.