Сахнада жарқырап жүрсе де, жалдамалы пәтер жағалап жүрген жұлдыздар жетерлік. Мәселен, экс-Кешьюлік Ақбота Нұр Дәурен Айдарқұловпен ат құйрығын үзіскен соң, баспанасыз қалған. Сондай-ақ, әнші Абай Бегей де «үйлері жоқтар» қатарында. Ақтаудағы қара шаңырағын қимай жүрген өнерпаз, Алматыдан әлі де жайлы қоныс таппаған көрінеді.
Актер Асқар Ильясов болса, Ресейден елге оралғалы пәтер жалдап жүр. Сондықтан да өзгенің үйін жағалап, әбден шаршаған ол, баспанасыз отбасылар үшін алаңдайды.
Асқар Ильясов, актер:
- Қазір пәтерді жалға алып жүрмін. Қазір досым екеуміз тұрамыз.+13-51 Үйлері жоқ қазір көптеген отбасылар үйсіз, аренда.. Жалға алып жүрген отбасылар туралы. Сол тақырыпты көтерейін дегенбіз.
Пәтерден-пәтерге көшіп қиналғандардың тағы бірі – Меруерт Түсіпбаева. Алайда өнерпаз жалданбалы емес, өзінің жеке үйін жиі ауыстырғанын айтады. Оның өзін ипотекаға алып, біраз қиындық көрген екен.
Меруерт Түсіпбаева, әнші:
- Менде өте көп пәтер болды. Мен 16 рет пәтер ауыстырған адаммын. Ең бастысы Менің алған пәтерім ең бірінші құтты үйім, менің балам дүниеге келген- ипотекаға вднх жақтан ескі-ескі өте көне бір 45 квадрат па үй алғанмын.
Инстаграм парақшасында 22 млн-ға жуық оқырманы бар Ресейлік әнші Ольга Бузованы баспанасыз дегенге сену қиын. Алайда сылқым тек биыл ғана үйлі болып, пәтерінің жөндеу жұмысына кіріскен. Бузованың әріптесі Анна Седакова да миллиондап ақша тапса да, үйсіз. Әнші бүгінде Мәскеу қаласынан пәтер іздеп жүр.