Терри Тиманың махаббат хикаясы ерекше! Желі жұлдызы болашақ жарына өзі күтпеген жерден, бір көргеннен ғашық болған. Блогер сүйіктісімен ең алғаш өз мейрамханасының ашылу салтанатында танысып, кездесуге шақырған.
Terri Tima, блогер, актер:
- Сүйіктімді жұртқа жария етіп, арқамнан ауыр жүк түскендей сезімдемін. Мысалы, осы уақытқа дейін сторис түсірген сәттерде оны тығып отыру өте қиын болатын.
Терри Тиманың жүрегін жаулаған арудың есімі – Мадина. 19 жастағы сылқым жоғарғы оқу орнының 2 курс студенті. Қос ғашық 2017 жылы, Мадина небәрі 16-да болғанда танысқан.
Terri Tima, блогер, актер:
- Өнер әлемінен емес. Әлі де студент. Бірақ бұрындары хореографиямен айналысқан. Енді болашақта өнемен айналысам десе, қарсы болмаймын. Қолдауға тырысамын.
2 жылдық қарым-қатынастан кейін отау құрған жас отбасыға бүгінде 1 жыл.
Жеке өмірін 3 жыл бойы көп көзінен жырақта ұстаған Терри бұдан-былай жарын жасыруға құлықсыз.
Terri Tima, блогер, актер:
– Карантин кезінде көп адам жақындарының қадірін түсінген сияқты. Соның бірі мен шығармын. Бірнеше ай бойы отбасымның жанында болғанда жарымды бұдан былай жасырудың қажеті жоқ екенін түсіндім.
Бүгінде Темірхан жұбайы Мадинамен инстаграмда өте белсенді. Жұлдызды жұп Тик-ток түсіріп, оқырмандары арасында қызықты видеоларымен танымал.