Сара Амангелдінің жүрегін жаулаған жігіттің кім екені көпке қызық! Себебі, сері сылқымды құшақ-құшақ раушанның астында қалдырған еді. Тіпті, ол
гүлшоқтарын түсірілім алаңына, Алматы қаласынан алшақ орналасқан ауылға да жолдаған-ды. Еске салсақ, осыған дейін Сара жалпақ жұртқа экс-сүйіктісін көрсетіп, аузы күйген еді. Сондықтан да Амангелді бұл жолы бейтаныс жігіттің кім екенін ашып айтқысы жоқ.
Сара Амангелді, әнші, актриса:
- Тойдан кейін ғой, той болсын деген сияқты. Өйткені көз деген заттан шынымен де қатты қорқып қалдым. Өйткені бақыттымын немесе бақытсызбын деп айтуға болмайды екен. Все нужно держать оказывается при себе.
Одан бөлек, «Сара күйзелісте жүр» деп топшылағандар көп болды. Бұған себеп, әншінің әлеуметтік желіден жоғалып кетуі. Өнер иесі жанкүйерлері жиі қоятын сауалға да жауап бере кетуді жөн көрді.
Сара Амангелді, әнші, актриса:
- Барлық адамдар ойлайды екен негізі Сара сен неге өмірі қайғырып жүресің деген сияқты. Неге сен осы өмірі түіңіліп жүресің? Шынымды айтайын, наоборот ол бәрі керісінше ол кезде мен наоборот бақыттымын.
Қысқасы, Сара Амангелді бұл күндері қуанышты. «Бақыт тыныштықты сүйеді», - дейді ол. Ал жақын арада ару неке көйлегін киіп жатса, еш таңқалмаңыз.