Бүгін мектептерде соңғы қоңырау онлайн соғылды. Оқу жылын ерекше форматта аяқтағандар арасында Данелия Төлешева мен Ержан Максим де бар. Жұлдызды балалардың үлгерімі қандай? Келесі сюжетте.
Данелия Төлешова дәл бүгін өзінің сыныптастарымен бірге соңғы қоңырау салтанатына қатысып, жазғы демалысқа аттануы тиіс еді. Алайда, елдегі пандемия кесірінен әнші қыз бұл шараны онлайн форматта өткізуі тиіс болды.
Данелия Төлешова, әнші:
- Ең әуелі ұстаздарға алғысымды айтқым келеді. Біздің білім алуымыз үшін жандарын салып, тынбай жұмыс істеді. Бұл тоқсанды бес деген бағаға аяқтадым. Бәрі мұғалімдерімдің арқасы.
Айтпақшы, талантты әнші биыл да озаттар қатарынан көрінген. Данелия соңғы екі тоқсан еліміздің өзге оқуышылары сынды онлайн форматта білім алған еді.
Данелия Төлешова, әнші:
- Менің үлгерімім әрқашан жақсы болған. Тек 5 пен 4 ке оқимын. 7 жылдан бері озат оқушылар қатарынан түспей келемін. Сондықтан тағы 4 жыл осы қалыптан таймай, мектепті үздік бітірсем, менің миссиямның бірі орындалады.
Ержан Максим болса, мектептегі достарымен жүздесе алмағаны үшін қынжылады. Карантинді туған жерінде өткізіп жатқан жас әнші Мәскеудегі сыныптастарын сағынған екен.
Ержан Максим, әнші:
- Мәскеу қаласында оқып жатырмын. 2083 мектепте. Жәй-жәй Игорь Крутой мырзаның мектебіндемін. Музыкалық академияда.
Жас актриса әрі вайнер Зарина Нұржанова салтанатты шараға дайындалғанын айтады. Тіпті тақырыпқа қатысты арнайы вайн түсіруді де ойластырған. Бірақ, бойжеткенге бұл жоспары келесі жылы жүзеге асыруға тура келеді.
Зарина Нұржанова, актриса:
-Мектепке барған да, оқушылармен былай сөйлсекен де, онлайн оқыған да ұнайды. Негізінде мен пародия, әртүрлі күлкілі видеолар әндер айтып инстаграмыма салатын едім белгілі бір аудитория да жинап алдым.
Сыныптастарын сағынған жұлдызды оқушылар, келер жылы, көп ұзамай мектептегі достарымен жүздеседі деп үміттенеміз!