Күллі ТМД-ға танымал әнші Jah Khalib-тың анасы жұлдыздар мен олардың ұл-қыздарын өз шаңырағына жинады! Әнші шетелде шығармашылығын шыңдап жатқанда, Ләззат ханым үйлерінде сән көрсетілім ұйымдастырды. Адам лық толған бұл күні, Jah Khalib-тың бөлмесінің өзі бос қалмады!
Еске салсақ, өткен жылы елімізде алғаш рет «Eurasian Kids Fashion Week» сән апталығы өткен еді. Балаларға арналған бұл шараны ұйымдастыруды Jah Khalib-тың анасы Ләззат Мамедова қолға алған болатын.
Биыл карантин үшін фэшн уикті өзге форматта өткізуге тура келді! Ләззат Мамедова жұлдыздар мен олардың ұл-қыздарын өз үйіне жинап, фотосессия ұйымдастырды. Тіпті бұл күні Jah Khalib-тың бөлмесінің өзі бос қалмады.
Ләззат Мамедова, ұйымдастырушы:
– Үйімізге шамамен 30-ға жуық кішкентай сәнбикелер жиналды. Карантин талаптарын ұстанып, барлығын фотоға түсіріп жатырмыз. Түсірілім алаңында тек оператор ғана жұмыс істейді.
Адамға лық толған үй Jah Khalib-тың әкесін әуел баста аздап абдыратқандай. Алайда аздан соң шұбырған халыққа еті үйренген отағасы, келген меймандарға шәй құйып, қонақжайлық танытты.
Дәл осындай абыр-сабырдың арасында Амуаждық ару – Анастасия Клещенко көзге түсті. Әншінің кенже қызы Арнелла да аталмыш сән шараның қатысушысы.
Анастасия Клещенко, әнші:
– Балаларым дамысын, көрсін-білсін деген ниетпен түрлі шараларға қатыстырып отырамын. Оның үстіне мұның барлығы естелік болып қалады. Сондықтан, ұсыныс түскен бойда, бірден келістік.
Дәл осы сәтте Әнел Аринова болса, Jah Khalib-тың бөлмесінде ұлын киіндіріп әлек еді. Жұлдызды анаға тұңғышы, сұхбатқа мұрша бермеді.
Жұлдызды аналардың арасында жалғыз әке - Мейіржан Төребаев болды. Күні кеше бесінші сәбиі дүниеге келген ол, Дананың орнына ұл-қызын өзі ерте келген.
Мейіржан Төребвев, актер, вайнер:
- Мен осы жерге екі баламды әкелдім. Наима және Райымжан деген. Наима 1 айдай болды қатысып жатқанынана, Раймжан енді алғашқы рет қатысып жатқан. Иә өзім алғаш рет келіп жатырмын, өзім түсінбей жатырмын не болып жатыр мына жерде. Жәй көзбен қарап-қарап түсініп келе жатырмын. Дана қазір роддомда жатыр.
Еске салсақ, «Eurasian Kids Fashion Week» «crystal generation» яғни, қазіргі заман балаларының талантын ашуға бағытталған. Биылғы жылы фэшн шараға жұлдызды балақайлармен қатар, кибербүлдіршіндер қатысты. Ерек фотоссесия жақын арада онлайн форматта ұсынылмақ.