2021 жылға жоспарланған айтулы шара – Оскар белгісіз уақытқа шегерілуі бек мүмкін. Америкалық киномотографистер академиясы 93-ші рет өткізілгелі отырған марапаттың болашағы COVID-19 дертіне байланысты бұлынғыр болып тұрғанын айтады.
Академия басшысы Дэвид Рубин әзірге келіссөздердің жүргізіліп жатқанын, бірақ қандайда бір нақты шешімнің шығарылмағанын айтады. «Оскар марапатына 7 күн бойы кинотеатрларда көрсетілген ленталар қатыса алатын. Осы жолы жағдай сәл басқаша, нақтырақ айтқанда күрделі болып тұр. Мүмкін мүсіншелерді фильмдерін онлайн форматта көрсеткен үздіктерге бөліп беретін шығармыз» дейді Дэвид.
Негізінен статуэткалар 24 марапат бойынша үлестіріледі. Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың мықтылары ақпан айында анықталған болатын. «Үздік фильмді» Пон Чжун Хоның «Паразиты» картинасы иеленсе, «үздік актерды» Хоакин Феникс еншілеген еді.