Алтынай Жорабаева жағымды жаңалығымен сүйінші сұрайды! Әнші екінші мәрте отау құрып, ақ келін атанбақ. 4 қызды тәрбиелеп отырған ол, өмірлік серігі болатын жанды алыстан іздемеген сыңайлы. Жорабаева ханымның жары өз келінінің ағасы екені рас па?
Дәл осылай желіде ағынан ақтарылып, елден сүйінші сұраған Алтынай Жорабаева екінші рет тұрмысқа шықпақ. Әншінің таңдауы өзінің кіші келіні Аяулымның туыс ағасына түскен екен. Бұл жайлы өнер иесінің келіні инстаграмдағы парақшасында мәлім етті.
Әншінің ұсынар жаңалығы бұл ғана емес. Жорабаева бағбанына теңеген жарына арнап ән жазып, тіпті махаббат желісінде бейнебаян түсіруді жоспарлап қойған.
Сара Амангелдіден тарту! Әншінің «Жүрекке әмір жүрмейді» деп аталатын
кезекті туындысының тұсауы кесілді. Бұл туралы Сараның өзі емес, анасы қуана хабарлады. Ал карантин басталғалы желіден демалуды көздеген арудың жүрегі әзірге тыныштықты қалайды. Анасының сөзіне сенсек, карантин оның шығармашылығына оң әсер етіп жатқанға ұқсайды.
Карантин кесірінен Жарқынай Ханайым мен актер Айдар Асқарбековтың тойы кейінге шегерілгені белгілі. Екі ай бойы келіндік өмірінен еш хабар бермеген Жарқынай үшін жанкүйерлері алаңдаулы. Оған қоса әнші де, актер де өз парақшаларындағы ортақ суреттерін өшіріп тастаған. Көзі қырағы оқырманның бірі болса, сториз арқылы ғашықтардың бірге жүрмейтінін байқаған.