Миллиардер Канье Уэст пен актриса Ким Кардашьянның отандасқандарына 6 жыл толды! Жұлдызды жанұяның 4 бірдей балалары мен ортақ, сәтті бизнес жобалары бар. Уэст 2004 жылы Кимнің суретін көріп, сырттай ұнатып қалған екен. Кейіннен оған сезімін ашық білдіріп, ән арнап, көңілін аулай бастаған. Араға 9 жыл салып, фотомодельдің 33-ші туған күнінде рэпер, стадионды жалға алып, үйленуге ұсыныс жасады. Кардашьян желіге 7 сағат бұрын жұбайымен бірге, сурет жүктеп, астына «6 жыл бақыт. Бірге, мәңгілік» деп жазба қалдырған.
Мадонна таңғалдыруын қояр емес! 61 жастағы әнші желіге жаңа суретін жүктеп, жанкүйерлерінің наразылығын тудырды. Жартылай жалаңаш, қолына ішкиімін қыстырып, арқасын кеңге салып отырған оның фотосын жақтырмай жатқандар жетерлік. Бірақ бұған алаңдаушылық білдіріп отырған ол жоқ. Хейтерлерге «Басымды қатырмаңдар» дейді.
Бейонсе мен Ариана Гранденің, Карди Бидің шығармашылығын сынға алған, Лана Дель Рейдің басы дауға қалды. Енді оны «ұлтшыл» деп айыптап жатқандардың қарасы көбейді. Өз постында әнші «менің махаббаттағы сәтсіздіктерімнің шаршатқанын айтасыздар. Ал зорлық пен зомбылықты әндерімен дәріптеп жүргендерді Құдайдай көресіздер. Неткен парадокс» деген. Өзіне толассыз жауған негативтерден кейін Лана пікір жазу қосымшасын бұғаттап тастаған.