Біздің Отандық киномотргафия саласында да – Оскарға ұялмай ұсынатын актерлар жоқ емес. Мәселен – Асылхан Төлепов. Жау жүрек мың баланың қолбасшысы – 28 жасқа толды! Төлеп-тегі меншікті мерекесін қалай атап өтуде?
Осыдан сегіз жыл бұрын Сартай болып танылған – Асылхан Төлепов 28 жасқа толды! Бір образымен дүйім жұрттың есінде қалған ол, осы уақытқа дейін кино саласында елеулі еңбек етіп келеді. Бір емес, бірнеше жұмысты қатар алып жүретін жау жүрек мың баланың қолбасшысына, таңғалатындар көп. Бірақ Төлеповтың өзі бұны қалыпты қабылдайтындай.
Асылхан Төлепов, актер:
- Адам үлгерем десе, барлығына үлгеруге болады ғой. Мен өзім бірнеше жылдан бері, бірнеше жерде жұмыс істеп жүрмін. Театрыма да үлгерем, кинома да үлгерем. Адам үлгерем десе, үлгереді. Ең бастысы өте аз ұйықтау керек. Сол кезде ғана адам жетістікке жетеді.
Осыдан 4 жыл бұрын, Алматы қаласы Наурызбай ауданының мәслихат депутаты атанған Асылхан Төлепов, өткен жылы күзде бұл мансабынан бас тартқан болатын. Бұның себебін ол шығармашылыққа деген махаббатымен түсіндірген еді.
Асылхан Төлепов, актер:
- Кеткен себебім, менің таңдауым керек болды бір жолды. Өзімнің жақсы көретін мамандығым сол арқылы жұмыс жасап өнер жолын таңдауым керек болды. Ол менің ең жақсы көретін жұмысым ол - театр, кино.
2017 жылы шаңырақ көтерген Асылхан, Айсұлу атты аруға үйленген еді. Екеуінің бүгінде – Алпамыс атты ұлдары бар. Бірақ Асылхан желіге жанұясын жиі жүктейтін жұлдыздардың қатарынан емес.
Асылхан Төлепов, актер:
- Адамның жеке өмірі құпия болып қалған да дұрыс сияқты. Өйткені өзіңді ашып, мен осындамын, қазір отбасымызбен мында барамыз деген сияқты сала берсең, біріншіден ол сенің жеке өмірің және біреуге қызық болады деп те ойламаймын, шыны керек!
Желіде Асылханды туған күнімен құттықтап жатқан жұлдызды достары жетерлік. Олардың қатарында: Аян Өтепберген, Хазірет Ержанұлы, Азамат Сатыбалды бар.