Кезінде «Кешью» тобының сылқымдарын жек көргенім рас! Дәл осындай ерек мәлімдеме жасаған Балжан Бидаш қыздардың күндестік танытқан кездері де болғанын айтып, ағынан ақтарылды. Сонда жүз шайысу шоу-бизнесте қалыпты құбылысқа айналғаны ма? Ал бір салада жүрсе де бір-біріне ата жауға айналған кімдер?
«Кешью» тоюындаең ұзақ тұрақтаған сылқымның бірі - Балжан. Әнші бұл ұжымда 4 жылдан астам уақыт өнер көрсеткен еді. «Топта түрлі кикілжің болғанына қарамастан, шыдамдылық таныта білдім», - дейді ол.
BIDASH, әнші:
- Негізі енді кезінде енді кішкене андай ұрысу қыздардың арасында болады. Ол өтірік емес. Оны бәрі біледі ғой. Бірақ ол балалық
қой енді. Қазір бәрі жақсы.
«Жүз шайысуымызға топта тіл табыса алмауымыз себеп болды», - деген Балжан ұрсысқан сәттерін еске алды. Тіпті, ұжымда өнер көрсеткен бір емес бірнеше қызбен мінезі жараспаған көрінеді.
BIDASH, әнші:
- Бірінші құрамда Жұлдызбен болып тұратын. Екінші құрамда Элизатпен болып тұратын.
Балжан Бидаштың өнердегі анасы Баян Алагөзованың да талай әріптесімен араздасқаны ел есінде. Мәселен, ол Меруерт Түсіпбаевамен әлеуметтік желі арқылы «Қозы Көрпеш баян сұлу» телехикаясы үшін біраз жанжалдасқан-ды. Ал ғаламтор арқылы ойын ашық жеткізген Түсіпбаева: «Мақсатқызы ғана емес, біраз әртістер мені жақтырмайды», - дейді.
Меруерт Түсіпбаева, әнші:
- Негізі шындықты айтамын бірақ адамдарға ұнамай қаламын. Я бываю грубой, дерзкой, содан жыным ұстайды өзіме неге, қиналамын иногда неге сүйттім екен.
Кезінде «Black Dial» тобынан жанжалмен кеткен «EQ»-лік жігіттер болса, экс-продюсерлері Есболат Беделханмен ата жауға айналған. Q-pop өкілдері бұрынғы ұжымымен қош айтысуы үшін сотқа дейін барған болатын.
«EQ» тобы:
- Әрқашанда өзіңнің ойыңды айту керек. Әрқашанда өзіңнің жеткізгің келген дүниені жеткізу керек.
Есболат Беделхан, продюсер:
- Мені қаралады. Әлі күнге дейін қаралап келе жатыр. Маған тіл тигізіп, менің жұмыс істеу қабілетім, ойлау қабілетім, менің адами қасиетім өте төмен деген ауыр сөздерді жазба, ауызша түрде, бетіме айтылып жатыр.
Ал таяуда ғана «Голос Украина» шоуының суперфиналисті атанған Ерлан Байбазаров болса, Диана Шараповамен келісімке келе алмай дал. Диананың айтуынша, ол Ерланның бағын ашу үшін біраз шығындалған екен. Енді Шарапова өзіне алғысын айтпаған музыкантқа ашулы.
Диана Шарапова, әнші:
- Ерлан сен мені қолданып кеттің. Бүкіл тәжірбиемді пайдаланып, мені танымай кеттің.
Хип-хоп орындаушы Say Mo болса, тректері арқылы ойын ашық білдіріп жүр. Рэп орындаушы кезінде «Песни ТНТ» жобасында өзін қолдамады деп Назимаға шүйліккен еді. Бүгінде қос сылқым бір-бірін жақтырмайтын жұлдыздар қатарында.