Британдық киножұлдыз Джуд Лоудың қызы Fendi брендінің бетбейнесі атанды! Әлемге әйгілі сән үйі Айриске өзінің атақты «Peekaboo» сөмкелерін жарнамалмауды сеніп тапсырған. Суреттерде сылқым әсем акксесуарды алып, фотограф алдында құмарта бой түзеген. Бикештің бұл образын қабырғадағы гүлді түсқағаздар толықтыра түскендей.
Джуд Лоу мен Сэйди Фросттың кестетігері ең алғаш 2 жасында фотоссесияға қатысқан еді. Онда кішкентай Айрис ата-анасымен бірге журналдың мұқабасында төбе көрсеткен. Ал 14 жасынан бастап сылқым Miu Miu, Burberrу брендттерімен бірге жұмыс істеп келеді. Десе де, Fendi бетбейнесі атану 19-дағы модель үшін үлкен жетістік екені рас.
Еске салсақ, ғасырлық тарихы бар Fendi сән үйі шоу-бизнестің кіл мықтыларымен серіктестік орнатып келеді. Олардың қатарында Рианна, Сара Джессика Паркер, Эмма Робертс сынды танымал тұлғалар жетерлік.