Әйел таяқ жесе өзі кінәлі! Ерек мәлімдеме жасаған Регина Тодоренконың басы үлкен дауға қалды!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Таяқ жесе, демек әйелдің өзі кінәлі!» дәл осылай сұқбат берген Регина Тодоренконы Ресей жұртшылығы жаппай сынға алуда. Аңдамай сөйлеген тележүргізуші бүгінде, ауырмай өлудің сәл-ақ алдында тұр. Тіпті танымал компаниялар Тодоренкомен жасаған келісімшарттарын жаппай жойып жатыр екен.

Дәл осы сұқбаттың өмірін түбегейлі өзгертіп жіберерін Регина Тодоренко сол сәтте білмеді. Оның атақ-абыройы әп-сәтте төмендеп қалды. Даудың басы Влад екеуінің, үй жағдайында зорлық-зомбылық пен қорлық көріп жүрген қыз-келіншектер жайлы сұраққа жауап беруінен басталады. Регина ажырасулардың басым бөлігіне әйелдердің өзі айыпты деп таныған.

Регина Тодоренко, тележүргізуші:

–Жеке өмірді жұртқа жариялау меніңше дұрыс емес. Ажырасуға келетін болсақ, көбіне біз әйелдер, өзіміз кінәліміз. Бізге құрбанның кейіпінде болған ұнайды. Ол ойдан арылу керек. Сосын неге сізді күйеуіңіз ұрып соғады? Ойланып көрдіңіз бе?

Дәл осы сөздер, қоғам пікірін қақ айырды. Бірі Тодоренконы даттаса, енді бірі жақтап әлек. Десе де аңдамай сөйлеген сылқым әсте-әсте биігінен құлап барады. Мысалы «Glamour» журналы одан «Жыл әйелі» атағын тартып алса, танымал сусын шығаратын компания мен жөргектер өндіретін фирма онымен келісімшарттарын әзірге тоқтатқан.

Регина Тодоренко, тележүргізуші:

– Біз тек өміріміздің жарқын сәттерін ғана жариялауға тырысамыз. Ал қит етіп сөзге келіп қалғанын сала беретіндердің психологиялық ауытқушылығы бар деп ойлаймын.

Тодоренконың бұл пікіріне келіспеген Ресейлік шоу бизнес өкілдерінің арасында Анна Седакова бар. Ол: «кішкентай кезімде көрші қыздарды әкелері жиі сабайтын. Сонда әлі 12-ге де толмаған олардың қандай жазығы болуы мүмкін?», - деп пікірін ашық айтқан. Ал Регинаны жақтағандардың арасында: Тина Канделаки мен Ксения Собчак бар. Олар «жаңылмайтын жақ жоқ» деп құрбыларын ақтауда.

Ал Регинаның өзі бүгінде, түсіп кеткен беделін қайта қалыпқа келтіру үшін, ел алдында ақталып әлек. Әзірге оны қолдап жатқандардың қарасы аз.