Димаш Құдайберген карантин кезінде де жанкүйерлерін таңғалдырып жатыр! «Dears»-тары үшін арнайы Киевтегі концертінен үзінді жариялаған ол, онлайн қошемет пен монитордағы махаббатқа қарық болып қалды. Димаш он бірінші наурызда Украина астанасында өткен кештің ең жарқын сәттерін ютубтағы жүктеп отыр.
Санаулы сағатта қаралым саны қарыштап, жақсы пікірлер көптеп жазылды. Құдайберген-тегі концерт жарнамасын: «Қазіргі карантин кезеңінде өздеріңізге көтеріңкі көңіл-күй тарту еткім келеді. Уақытты керемет өткізесіздер деп сенемін», - деген жазбамен өзінің инста парақшасында жасаған.
Кешті көріп шыққан көрермен таңданыстарын жасыра алмауда. Тіпті «әншілер бір бөлек, ал Димаш бір төбе», - деп түрлі коментарийлер жазған. Естеріңізге сала кетейік, әнші бүгінде карантинді Нұр-Сұлтан қаласында өткізіп жатыр. Оның мамыр айына жоспарланған Жапония астанасындағы концерті кейінге шегерілген болатын.