Сүйінші! «Меломен» тобының әншісі Ғабит Бибасыұлы екі қыздан соң, атұстардың әкесі атанды! Танымал әке, нәрестенің күтімін толықтай өз қолына алған. Тіпті, бұл күндері өнер иесінің түн ұйқысы төрт бөлініп жүргенге ұқсайды.
Екі бұрымдыдан соң меломендік Ғабитке асыл жары қамшыұстар сыйлады. «Ұлды болуды ұзақ күттім», - деген әнші, нәрестеге ерекше ат қойған.
Ғабит Бибасыұлы, «Меломен» тобының әншісі:
- Иә, өте сағына ұзақ күттік, әрине. Ең бастысы дені сау, саналы, аман-есен боп келуі ғой кез келген ата-ананың есімі Алишах болды. Осындай бір ерекше есім болсын дедік. Өйткені атасының аты Бибасы. Ол да бір керемет мағынаны білдіреді. Бибасы Алишах болды ғой.
Карантин болғандықтан, жұлдызды жанұя Алишахты перзентханадан шахтар сынды шығарып ала алмаған. Дегенмен, Ғабитты құттықтап тек ет жақындары жиналған. Меломендіктер: «Тіпті, көліктердің өзін де арақашықты сақтап жүргіздік», - деп қалжыңдады.
Ғабит Бибасыұлы, «Меломен» тобының әншісі:
- Ары кеткенде бір 8-10 адам ғана болдық, ешқандай концерт болып, әнмен ондай ештеңе болған жоқ. Гүлімізбен барып, наққа ғана әдемі барып, шығарып қайттық.
Жары үш балаға қатар қараймын деп, қиналмас үшін Ғабит сүйіктісіне көмектесіп жүр. Әнші карантиннің арқасында сәбиіне жақын болып, өзін жаңадан әке атанғандай сезінуде. «Тіпті, ұйқы дегенді ұмыта бастадық», - дейді ол.
Ғабит Бибасыұлы, «Меломен» тобының әншісі:
-Дауыс шыққан кезде шыр етіп оянады екенсің. Бұрын кішкене оянбайтынмын. Қазір бірден көзің ашылады. Не болды деп қарайсың да, аа анасы бар екен ғой қасында дейсің.
Ендеше, сәбидің бауы берік болсын дейміз.