Индира Еділбаева мен Ерлан Байбазаров «Голос Украина» шоуының суперфиналында бәсекелес атанады!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Голос Украина» шоуының аяқталуына аз қалды. Алда суперфинал! Аталмыш музыкалық байқауда Индира Еділбаева мен Ерлан Байбазаров бақ сынамақ. Ең қызығы, отандастарымыз бір-біріне бәсекелес атанады.

Ерлан Байбазаровтың «Голос Украина» шоуында өнер көрсеткен видеолары әлемдік «The Voice Global»-ға ілікті. Осылайша, музыкант аталмыш байқауда дүние жүзі бойынша ең үздік орындаушылар қатарына енді.

Ерлан Байбазаров пен Индира Еділбаева музыкалық байқаудың фаворитына айналды десек артық айтпаспыз. Өнерпаздар өзге қатысушыларға қарағанда, ютуб плафтормасында ең көп қаралым жинап, трендтен түспей жүр.

Бірнеше кезеңнен ақтық сынға дейін сүрінбей өткен Ерлан бұл жобаның өзіне танымалдық алып келгенін жасырмайды. Қарапайым мұғалім болып жүрген өнерпаз енді шешуші сәтті асыға тосып жүр.

Ерлан Байбазаров, музыкант:

- Келесі кезеңге дайындық өте масқара жүріп жатыр. Орындайтын әнде өте күрделі болғандықтан, оның жауапкерлішігі де үлкен. Дайындық тәлімгермен бірге онлайн өтеді. Және алда қызық болады деп ойлаймын.

Музыкалық бәйгеде Еділбаева мен Байбазаров достасып үлгерген еді. Алайда енді қос өнерпаз суперфиналда бәсекелес атанбақ. Карантин салдарынан «Голос Украина» шоуы жартылай финалсыз өтеді. Барлығы 20 қатысушы бақ сынайтын конкурсқа дайындық та онлайн түрде жүріп жатыр.

Ерлан Байбазаров, музыкант:

- Ең бастысы дайындалу, дайындалу дайындалу. Өйткені мың рет қайталаған нәрсеңді кейде, сахнада бір рет орындап шығу керек. Сол себептен дайындық өте жақсы жүріп жатыр деп айтуға болады.

Ерлан Байбазаров бүгінде өз өнерімен көпшілікті тәнті ете алғанына сенімді. Ол аталмыш жобадан кейін шығармашылығыма ден қоямын дейді.

Ерлан Байбазаров, музыкант:

- Менің шығармашылығым, үйдемін әндер шығарып жатырмын. Енді бұйырса болашақта, сіздердің көңілдеріңізден шығады деген үміттемін.

Суперфинал 26-шы сәуір күні өтеді. Көрермен жеңімпазды дауыс беру арқылы таңдап алады. Ал, жоба авторлары смс-тен түскен қаржыны коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлерге аудармақ. Ендеше отандастарымыз Инди мен Ерланды қолдауды ұмытпайық.