Әрбір ата-ана сәбиіне әдемі есім беруге тырысады. Мәселен, өткен жылы қыздар арасында 5151 нәрестеге «Раяна», ал 3816 ұлға Әлихан деп ат қойған екен. Сондай-ақ соңғы төрт жылда Медина, Айзере, Айлин, Айсұлтан, Әмір, Нұрислам есімдері жиі кездеседі.
Алтыншы сәбиін дүниеге әкелуге дайындалып жүрген Динара Сұлтанның отбасында балаларға ат қою құқығы тек отағасында. Есімнің қысқа болуы маңызды деген әнші, бұл жолы да ерекше нұсқаларды қарастырып жүр.
Динара Сұлтан, әнші:
- Төрт әріптен артық болмау керек деп ойлаймыз, және де жеңіл болу керек. Бірақ қазір қыздар өсе келе өздері қойғылары келеді. Енді көреміз ұсынған есімдері ұнап жатса»
Динарамен салыстырғанда, Жанель Мақажанға керісінше, күрделі есімдер ұнайды екен. Ұлының аты Құлмұхаммед болса, қызы – Альфия. Қос балапанға да нағашы аталары азан шақырып ат қойған.
Жанель Мақажан, актриса:
-Жалпы өзінің еліне қызмет ететін азамат болсын деп қойды, Альфия – Альфияның переводы ол да зор үлкен. Танымалдылық не бір әдемілікке емес, Құраннан алынса екен деймін. Өйткені құранда мағынасы зор, өте естілгенге де құлаққа жағымды есімдер көп болады»
Ал актриса балаларын ерекше еркелететін болып шықты.
Құлмұхаммед - Альфия , Жанельдің балалары:
- Кули.
-Ал сен?
- Фиюшка.
-Кім атайды олай?
-Анам, көбінесе менің досым. Құрбыларым.
Ал инстаграм жұлдызы Әсем Нұрсейітова кестегіренің есімін өзгертіп еркелеткеніне өкініп жүр. Өйткені дизайнердің өнердегі құрбысы Аша Матай оның қызының есімін білмегендіктен, екінші сәбиіне бірдей ат қойған.
Әсем Нұрсейітова, дизайнер:
- Негізі ол кісілер Айым деп қойған кезде өзінің қызының атын, олар біздің қызымыздың аты Айым екенін ұмытып кетіпті. Біз өйткені Аека дейміз ғой көбінесе.
«Ал қандай есім таңдалса да, бастысы адам деген атқа лайық болсын», - дейді дизайнер.