The Weeknd кезекті бейнебаянын ұсынды!

Сообщить о проблеме с эфиром

The Weeknd-тен тағы бір тың туынды! Хип-хоп әнші «Blinding Lights атты су жаңа бейнебаянын жарыққа шығарды.

Өнерпаз клипті таспалау барысында біраз әбігерге түскен. Сюжет бойынша Лас-Вегас көшелерінде қымбат автокөлікпен қыдырып жүрген The Weeknd қаланың келбетін көрсетуге тырысқан. Ол үшін әншіге шаһардағы даңғылдарды ұзақ уақытқа жаптырып тастауға тура келген.

«Jonas Brothers» те жанкүйерлерін қуантуға құлықты! «What A Man Gotta Do» трегіне жаңа бейнебаян ұсынған ағайынды жігіттер, бұл жолы да клипке сүйіктілерін түсірген.

Жұлдызды абысындар - Софи Тернер мен Приянка Чопра басты рөлді сомдаған туындының елеусіз қалуы әсте мүмкін емес! Бұған дәлел бейнебаянның бір тәулікте 19 млн қаралым жинауы.

2 Chainz пен Future да, ортақ туынды ұсынып көпті таңқалдырды. Себебі, коллаборация жасаған қос өнерпаз талай жылдан бері араздасып келген еді. Алайда «Dead Man Walking» трегі арқылы музыканттар арадағы түсініспеушілікке нүкте қойғандай.