Желіде желдей есіп жүрген осы суреттер, Димаш жайлы жаңа ақпараттар таратуда. Төрткүл елдің сүйіктісіне айналып үлгерген оны, 34 жастағы Виктория Крутаямен көңіл қосып жүр деп жазғыруда жұрт. Танымал продюсер Игорь Крутойдың қызы Виканың отбасы және күйеуі бар екен. Бірақ олардың айырылысып кетуіне Құдайберген-тегі кінәлі-мыс.
Бұның бәрі еспе сөз екенін Димаштың турын ұйымдастырушы Хизри Байтазиев айтып берді. Отандық өнерпаз Ресейлік продюсермен қарым қатынасын үзбеген. Керісінше, әлдеқашан жоспарланып қойған «Arnau tour 2020» концерті келесі айдың ортасында Краснодардан бастау алмақ.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Димаш жайлы «қытай қызымен көңіл қосты» деген ақпарат тараған болатын. Ізін ала бере, бұл да жалған болып шықты.
Ал Димаштың ата-анасы Светлана мен Қанат Айтбаевтар ұлының үйленер уақыты алыс емес екенін айтады.
Қанат Айтбаев, Д. Құдайбергеннің әкесі:
- Бір күні ғашық болған кезде, өзінің сезімі қалаған кезде, бір әдемі, тәрбиелі, ибалы келінді алып келетін шығар деген үміттеміз. Ондай күндерде алыс емес шығар деп үміттеніп қоямыз.
Бірақ ата-ананың ұлы мен келініне қояр талаптары жетерлік. «Димашты әлем танығанымен, қазақ баласы өз ұлтының қызына үйленуі тиіс», - дейді.
Қанат Айтбаев, Д. Құдайбергеннің әкесі:
- Қазақы ортада, біздің ұлттық менталитетімізді бойына сіңіріп өскен бала. Біздің үйде үлкенге құрмет, кішіге ізет қағидасын барлығы ұстанған. Сондықтан біздің айналамыздағы ағайындардың қаншалықты талапты екенін Димаш біледі.
Света Айтбаева, Д. Құдайбергеннің анасы:
- Қазақы, тәрбиелі, көргенді ең бастысы, білімді, сондай болса екен деп айтып отырамыз. Ол енді балалардың құлағында қалатын шығар!
Димаш 16 ақпаннан бастау алатын жеке концертімен: Германия, Белоруссия, Латвия, Украина, Татарстан сынды елдерді араламақ. Әншінің алдағы жарты жылдығы жоспарланып қойған. Сондықтан оның бос әңгімелерге бас қатыруға уақыты жоқ.