Ұлттық өнерді ұлықтап жүрген «Ethno 5» ұжымы шетелге аттанбақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Дәстүрлі музыканы дәріптеп, оны жаңа бағытқа бейімдейміз! Ұлтық өнерді ұлықтап жүрген «Ethno 5» ұжымының ұраны осы. Қазақтың төл аспаптарына заманауи үн қосып жүрген топтың сахнада жүргендеріне биыл 3 жыл.

«Ethno 5» тобы:

- Қазақстандық музыка дамып жатыр, өте қарқынды дамып жатыр. Былай айтсақ, рэп индустриясы, хип-хоп индустриялар қазір қазақстанда басым болып келе жатыр деп айтуға болды. Бірақ, біз оның ішінде жоғалып қаламыз деп қорықпаймыз. Былай айта кетсек, біздің әндердің ішінде де рэп те бар.

Осылайша, танылу үшін тың тәсілді таңдаған бэнд осы күнге дейін шығармашылығын продюсерсіз шыңдап келген еді. Алайда, ұжым бұдан-былай халықаралық «The Spirit Of Tengri» этно фестивалінің авторларының қарамағында.

«Ethno 5» тобы:

- Алдыңғы жылы біз «Spirit Of Tengri» жобасына қатысып, Қазақстанның атынан өнер көрсеттік. Қазіргі уақытта, «Spirit Of Tengri» жобасының генеральный продюсері Жан Кастеев ағамыз бізге демеу беріп, арқа сүйеп, бізге көмектесіп жүр.

Одан бөлек музыканттар тойға шығып, нәпақасын тауып жүргенін жасырмайды. Шығармашылықтан басқа ешбір салаға қызықпаймыз деген ұжым, шақырту түссе кез-кезген шаңырақтың қуанышынан табылады.

«Ethno 5» тобы:

- Ата-бабаларымыздың күйлерін орындаймыз. Былай айтқанда халық аспаптары не істей алады соның бәрін істеп, біз сахнада қалуға тырысып жүрміз және Құдайға шүкір қазірге бәрі жақсы.

Десе де, топты отандық тыңдарманның дәстүрлі музыкаға деген қызығушылығының жоқтығы қынжылтады. Сәтін салса, музыканттар шетелге шығып, өнерлерін танытуға ниетті.

«Ethno 5» тобы:

- Біз осыдан, біраз бұрын Мысыр еліне барып қайттық. Мысыр елінде өзіміздің авторлық әндеріміз бар, күйлеріміз бар, бәрін орындадық. Сол кезде үлкен қызығушылық танытты бізге және былай айтқанда шетелдіктер қазақ музыкасына қызығушылық танытады екен.