Кәмшат Жолдыбеваның талғамы жоқ! Отандық дизайнерлер әншінің образын қатаң сынның астына алды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ерек стилі мен батыл образдары арқылы отандық шоу-бизнеске жаңашылдық әкелуге талпынып жүрген танымалдар жетерлік! Алайда, өнер әлемінің жұлдыздары қаншалықты сән әлемінің заңдарына сай киінеді? Мұны отандық фэшн саласының майталмандарынан сұрап көрдік. Назарда 2019 жылдың атышулы 3 аруы.

Жарқын Баймаханов, дизайнер:

– Жарқын, мына Кәмшаттың образы қаншалықты сәтті шыққан деп ойлайсыз?

- Кама әдеттегідей елден ерекшеленіп жүреді. Не деймін енді, жасыл шырша сияқты. Әдемі!

- Ал сіз дизайнер ретінде бірнәрсені өзгертер ма едіңіз?

- Иә. Мысалы ақ етіктің орнына жасыл етік таңдар едім.

- Неге жасыл? Ақ қазір тренд емес па?

- Сөзсіз, әдемі етік. Бірақ тотал лук жасыл болса, әлдейқайда жақсы шығар еді.

Еске салсақ, Кәмшаттың дәл осы көйлегі көптің көзіне түсіп, қызу талқыланды. Желідегі оқырман оны «тым қысқа» деп жақтырмай қойған-ды.

Лилия Рах, байер:

- Лилия, біз білеміз сіз жұлдыздарды киіндіресіз. Енді мына шулатқан образдар туралы не айтар едіңіз. Кәмшат Жолдыбаева.

- Мүлде ұнамайды. Эстетика жоқ. Әдемі, әсем, талғамға сай болса ұнайды дер едім. Ал мұнда шектен шыққан.

- Нені өзгертер едіңіз?

- Мен мұны мүлде кимес едім!

- Кәмшат, басқа киме бұл киімді!

Ал Кәмшатқа бұл образды сіңлісі Алтынай тігіп берген болатын. Әпкесінің жеке стилисті атанған сылқым да, сәнгерлердің талқысына түсті.

Жарқын Баймаханов, дизайнер:

– Алтынайдың осы фотоссесиясы талай шу шығарды. Ашық-шашық емес образы, неге біздің аудиториямыз сондай қарсылық білдірді?

- Меніңше бұл көреалмаушылық.

- Көре алмайды дейсіз ғой.

- Да да.

- Неге?

- Себебі ол әдемі, табысты, оның үстіне сұраныстағы сұлулардың бірі.

Лилия Рах, байер:

– Ал екінші образ Алтынай. Фотосессиясы шу шығарды.

- Меніңше біз шығыс еліміз. Тым ашық. Мен мұнда да эстетиканы көріп тұрғаным жоқ.

Соңғы кездері Мәдина Сәдуақасованың сіңлілерімен жарыса, фотоссесия жасауды жиілетіп кеткені жасырын емес. Әсіресе, оның мына суреті желіні шулатқан еді.

Лилия Рах, байер:

- Соңғы образ, ашық-шашық емес, Мәдина Сәдуақасова. Бірақ көрермендерге ұнамады. Неге деп ойласыз? Нені өзгертер едіңіз?

- Киімі Мадинаның дене бітіміне мүлде сай келмейді. Біздің жұлдыздар көп жағдайда эпатаж жасаймын деп, артық кетіп жатады. Бұл дұрыс емес.

Алексей Чжен, дизайнер:

– Үшінші образ, Мәдина Сәдуақасова. Неге ұнамады дейсіз? Ашық-шашық емес.

- Мына қара түсті алып бант кеудесін, иықтарын үлкен қылып көрсетеді. Маған ұнамайды. Ол өте талантты әнші, бірақ мына образы көңіліме жақпады. Ренжімесін.

Осылайша, отандық сән саласының өкілдері өз үкімін шығарды. Келесі жолы ұятқа қалмас үшін, жұлдыздар мамандардың кеңесіне құлақ асады деген үміттеміз.