Анама сәлем салмайды! Дәурен Айдарқұлов жары Ақботаның келіндік міндеттерін мүлде орындамайтынын ашып айтты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бүгінде ақ босаға аттаған арулар, келіндік міндеттерін орындаудан қашқақтайды. Мәселен қырық жасқа келіп қалыңдық атанған Аида Кәуменова салт-дәстүрді ұстанбаймын дейді. Десе де, Шымкент қаласына келін болып түскен диайзнерге ата-енесі бір талап қойыпты.

Аида Кәуменова, дизайнер:

- Мен Шымкентке барғанда мен тек қана қазақша сөйлеймін. Содан мен ойлаймын папамды сыйлап, өйткені папам айтты сен шыт кимей-ақ қой, бірақ сәлем бермей-ақ қой бірақ, «балам осы Шымкентке келдің ба қазақша сөйлей бер», - деген.

Дәурен Айдарқұловтың асыл жары атанған Ақбота Сейтмағамбет те «ерке келіндердің» қатарында. Өзі де, жолдасы да салт ұстанған оңтүстік өңірден болса да, әнші кей отбасылық парызын орындамайды екен.

Дәурен Айдарқұлов, актер:

- Ақботада ондай нәрселерді қолданып жатқан кезде мамам енді өзі жас кезінен Алматыға көшкеннен дейін ондай нәрселерді қоя ғой, онсыз да сыйластығыңа рахмет. В общем осылай, современно өмір сүріп жатырмыз.

Блогер Сабира Жарасовна болса, келіндік өмірін желіге жариялап жұлдыз атанған жайы бар! Алайда, Сабиркин ғаламторда мінсіз отанасы көрінгенімен, өмірде мүлде басқа.

Sabirkin, блогер:

- Мен басында, енемнен сұраған болатынмын мамамнан ол өзі айтты маған сәлем салмай-ақ қой, біз жақта ондай жоқ деп. Орамал тақпай-ақ қой басында көрді да маған ыңғайсыз болып ыдыс жуып жатқан кезде шешіп тасташы деп.

Дана Есееваның да тұрмыстық тақырыптағы вайндары әрдайым көптің назарында. Бүгінде төрт баланың анасы үшін «сәлем салу» мен «орамал тағу» сынды кей дәстүр қалыпты құбылыс.

Дана Есеева, блогер:

- Енді ол нормально нәрсе сәлем беру керек қонақтар келгенде туыстар келгенде, орамал тағу керек мысалыға. Өзінің бір салттары бар дастархан салттары бар оның бәрін үйрендік енді бір үш жылдың ішінде бәрін білдім енді.

Сондықтан да, «мұның еш қиындығы жоқ» - деген Дана, дәстүрге берік болуға шақырады.