Айнұр Ілиясова трендтен қалыспақ емес! Желіде қызу оттай лаулаған челленджді жалғаған актриса 200 мың оқырманына «100 теңгеден жинайық» деп үндеу жолдады. Ең қызығы Айнұрдың шотына 1 күнде 126 мың теңгеге жуық қаражат жиналған. Оның басты мақсаты 20 миллионға дейін жеткізу болса керек. Бірақ Айнұр бұл соманы кішкентай сәбидің еміне аудармақ ниетте екен. Ілиясоваға «Аз да болса, ақша аудардық. Шипасын берсін! Сәттілік!» сынды хаттар көптеп келуде.
«Эй, Макарена» әніне жан бітірген рэпер Тyga да жаңа челлендж бастаған болатын. Аз уақытта тез таралып үлгерген үрдіс, Қазақстанға да жетті. Ережесі: бүгінгі күннің хиты болып үлгерген әнге тверк түсіру еді. Қызығы, 18 миллион оқырманы бар парақшасына жұлдыз қазақстандық әнші Say Mo-ның видеосын жариялаған. Бұл жаңалықты естіген Мөлдір Есембек, қуаныштан өз инста-сториында жұрттан сүйінші сұрады.
Көрерменді тәтті қылығымен тәнті етіп жүрген кіп-кішкентай Аминка-витаминканың видеолары ютуб хостингын шарлап, үлкен сұранысқа ие болып жүргені белгілі. Жас блогердің ТМД елдері арасында да беделі баршылық. Күні кеше отандасымыздың «MY LITLLE PRINCE» бейнебаяны бір жылға жетер-жетпес уақытта 100 милионнан астан қаралым жинағаны мәлім болды. Бұл жайлы Әмина өзінің ютуб арнасында сүйіншілетті!