Отандық киномандар таласа тамашалаған картиналар тізімі анықталды! «Тicketon.kz» сайтының мәліметінше, өткен уик-эндте табысты туындылар көшін «Бизнес по-казахски в Корее» фильмі бастайды.
Айналымдағы үшінші аптада да бірінші орынға жайғасқан Нұрлан Қоянбаевтың комедиясы 45 млн теңге пайда тапты. Осымен төртінші бөлімі жарық көрген сиквел, басы-қасы 1 млрд теңгеден астам кіріс көріп, қазақ киноиндустриясында рекорд орнатты.
Еске салсақ, бұл жолы картинаның сюжет желісі Оңтүстік Кореяда өрбиді. Бәз-баяғы Еркош таңғы балғындық еліне аттанған Жомарт пен Аленның артынан іздеп бармақ болады. Алайда, ол рейсінен шатасып, Солтүстік Кореялықтардың тұтқынына түседі.
Ресейлік «Холоп» туындысы 36 млн-ға жуық қаражатқа кенеліп, екінші сатыға жайғасты. Отель «Элеон» телехикаясының жұлдызы актер Милош Бикович басты рөлді сомдайтын фильм, комедия жанрында таспаланған.
Лента байдың баласы Гришаның бастан кешкен оқиғасын баяндайды. Ер жеткен ұлының еркелігін көтере алмаған әкесі оны дұрыс жолға салмақ болады. Ол үшін атұстарын заманауи техниканың көмегімен 19-шы ғасырға аттандырады.
ТОП үштікті «Камфуляж бен тыңшы» мультфильмі 31 млн теңгемен түйіндейді. Анимациялық туындыда танымал актерлар Уилл Смит пен Том Холланд басты рөлдерді дыбыстайды.
Отбасылық фэнтезиде супертыңшы мен жас ғалым әлемді зұлымдықтан құтқармақ болады. Нәтижесінде жігіттер сиқырдың көмегімен жануарға айналып, түрлі миссияны орындайды.