Бүгінде «Барсалық» Неймардың жеке өмірі әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп жатыр! Себебі, 27 жастағы футболшының Ресейлік сәнбикемен көңіл қосқаны жайында ақпарат желдей есіп жүр. Қыз-қыз әңгіме 21-дегі Катерина Сафарованың инстаға аяқдопшымен түскен суретін жүктеген сәтінен басталды. Екеуі қанша жерден «доспыз» дегенімен, махаббатқа толы көздер қырағы оқырмандарды күдіктендірген көрінеді.
Ал Кая Гербер қатты күйзеліске түсіп кеткен сияқты. Себебі сәнбике өткен аптада ғашығы Питт Дэвидсонмен ара қатынасын тоқтатқан. 18 жастағы супермодель «Енді ешкімге сенбеймін» деп желіге пост жариялаған. Қала берді Кая, шулы кештерде бой көрсетпей, үйден шықпай жатып алғанға ұқсайды. Питтың өзі болса, бұған еш қайғырмайтындай. Себебі сері түрлі патилерден қалмай жүр.
Жақында ғана екінші рет ана атанған Энн Хэтуей, осы уақытқа дейін бөбегінің жынысын жасырып келген болатын. Алайда актриса күні кеше инстаграмға сәбиінің ұл екенін жазып пост қалдырды. Еске салсақ, Энн Хэтуей мен оның жары Адам Шульманның 3 жастағы Джонотан есімді атұстары бар.