Соңғы кездері Диная ресейлік бомонд бас қосқан кештерде көзге жиі түсіп жүр. Әнші көрші елдің жарық жұлдыздарымен қатар «Муз-ТВ», «Виктория» премиясында төбе көрсетсе, енді міне «Грация» марапатының «жыл жаңалығы» аталымын еншіледі.
Dinaya, әнші:
- Диная, жуырда Мәскеуде халықаралық жүлдеге ие болдың «Грация» шын жүректен құттықтаймыз.
- Рахмет!
- Қалай болды, өзіңіз айтып беріңізші? Бұл халықаралық деңгейдегі журналдың жүлдесі ия марапаты?
-Ия. Шынымды айтсам өмірімді алып жатқан соңғы оқиғаларға өзім де таңқалып жүрмін. Менің шығармашылығыма жақсы әсер етіп жатқаны қуантады. Себебі, бір премияға барамын деп, үш бірдей шараға қатыстым.
Еске салсақ, халықаралық «Грация» журналыны өнерімен ғана емес сұлулығымен таңқалдырған жандарды марапаттайды. Аталмыш шара осымен 16-шы рет өткізіліп отыр.
Dinaya, әнші:
- Мені өзге елде мойындап жатқандарына қуаныштымын. Шығармашылығыма жоғары баға бергендеріне ризамын. Тіпті Қазақстандық тыңдарман емес, Ресейлік фанаттарым менің жаңа туындыларымды асыға күтеді.
- Жақсы, демек Мәскеу сізді жақсы қабылдады Қазақстанға қарағанда әлде. Қазақстан мен Ресейдің тыңдармандарының айырмашылығы қандай?
- Халық екі түрлі деп айта алмаймын. Қазақстанда да кішігірім болса да, өз аудиториям бар. Лирикалық әндер барлығына бірдей ұнай бермейді. Ешкімді алдағым келмейді, бастысы өзіме ұнайтын дүниені жасап жатырмын.
- Диная, сізге ырғақты той әндерін айтқан ұнамай ма?
- Онсыз болмайды ғой. Мен тойларда да ән саламын, көңілді әндерім де бар.
Одан бөлек, бүгінде Динаяның бейнебаяндары ресейлік телеарналардан көрсетілуде. Шет елдік тыңдарманның қошаметіне ие болған әншіге өзге ел майдай жақса керек.
Dinaya, әнші:
- Мәскеу ұнады ма?
- Қатты ұнады. Мен екі мемлекетте тұрамын. Менің балам мен туысқандарым және ата-анам Қазақстанда. Өзіме ары-бері жол жүру ұнайды. Ешқандай мәселені ойлауға уақытың жоқ болған кезді жақсы көремін.
- Отбасыңызды алып немесе өзіңіз Мәскеуге түбегейлі көшіп кету жоспарыңызда жоқ па?
- Көшіп кету әзірге ойда жоқ. Себебі бұл үлкен жауапкершілік. Мені балам бар, оның мектебі бар, жайлы орнынан қозғағым келмейді. Бірінші өзім сол жақта орнықсам, қалғаны уақыт еншісінде.