Америкалық рэпер Шон Комбс 50-ді еңсерді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Америкалық рэпер Шон Комбс 50-ді еңсерді! Форбс журналының 2019-шы жылғы мәлімдемесі бойынша Пи Дидың жағдайы 740 миллион АҚШ долларын құрап, әлемдегі бай рэперлердің үштігіне жайғасқан екен. Осыған орай Шон туған күнін дүркіретіп атап өтіп, елді аузына қаратты. Ол 1 миллион долларға той жасап, Голливудтың ең «Мен, мен» деген атақты әртістерін қонақ еткен. Бұл тізімде: Наоми Кэмпелл, Бейонсе, Ким Кардашьян, Перис Хилтон бар.

Шарлиз Терон асырап алған балалары жайлы тұңғыш рет батыстық БАҚ-қа сұқбат берді. Әңгіме ауыр сұрақтан басталды. Шарлиздың үлкен ұлы Джексон анасынан өзін «қызым» деп шақыруын өтінеді екен. «Бұл өтпелі шақтың дағдарысы деп білемін. Қызым қандай шешім қабылдаса да қолдауға әзірмін. Ал қалғанын Джексон өзі айтып бермесе, менің оны сөз етуге құқым жоқ»,- дейді ол.

Мэрайя Кэри күміс түсті көйлекте Empire State Building алауын жақты. Ғимараттың ашылу салтанатына Нью-Йорк жұртшылығы жиналды. Бәрі әншінің ойық декольтелі көйлегін, біз өкшелі аяқкиімін сөз етіп, таңданыстарын жасырмай таңдай қақты. 25 жыл бұрын «All I Want for Christmas Is You» әнімен әлемдік чарттарда топ жарған Кэри, өзіне осындай құрметтің бұйырғанына рақметін айтты.