Әлемнің ең беделді музыкалық Billboard басылымы өткен аптада тыңдалымы жағынан рекорд орнатқан тректердің тізімін ұсынды! Бұл жолы
The Weeknd бірінші. Соңғы уақытта шығармашылығына шыңдап кіріскен хип-хоп орындаушының «Heartless» трегі көптің көңілінен шығуда.
The Weeknd аталмыш тректің бейнебаянын ерекше етіп, талқыға түскен еді. Онда рэпердің құмар ойынға салынып, мүсінше мен бақаны сүйіп жатқан сәттерін байқауға болады.
Post Malone да Billboard-тың бұл тізімін оңайшылықпен босатпақ емес!
Орындаушының «Rockstar» трегі кезінде қалай хит болса, бүгінде оның
«Circles» туындысы дәл сондай сұраныста. Ал әншінің «Hollywood's bleeding» атты альбомы шетелдік қана емес, еліміздің радиолары мен музыкалы чарттарынан түспеуде.
Ширек ғасырлық тарихы бар туынды да қайта трендке айналуы мүмкін! Бұған дәлел Мэрая Кэридің «All I Want For Christmas Is You» трегі. 1994 жылы жарық көрген әсем әуенді халық қайта-қайта жүктеп, тыңдап жатқан көрінеді. Оның үстіне мерекелік әннің жаңа жыл қарсаңында көптің сұранысында болуы да орынды.