Жұлдызды визажист Санди Бексырға өзінің туған күніне күллі отандық-шоу бизнес өкілдерін жинады! Одан бөлек, биыл мейк-ап шеберінің жеке брендінің құрылғанына 10 жыл. Дәл осындай қос қуанышты күнде, әсемдік ханшайымын жұлдыз біткен жарыса құттықтай келді.
Туған күн кешінің дресс-коды ақ түс болды. Қонақтар шараның тәртібін бұзбауға тырысқанды. Мәселен, патиге бірдей образда төбе көрсеткендердің бірі – Алагөзовтар отбасы.
Ал Әли Оқапов сынды гүл шоғын арқалай келген меймандар, Сандиға қатысты өз естеліктерімен бөлісті.
Әли Оқапов, әнші:
- Ер азамат ретінде онша қатты тәуелді емеспіз ғой әзірлеуге. Мысалға бетті. Бірнеше рет Санди өзі, ешбір тиын сұрамай, ешбір себептерге тәуелді болмай, жәй аған адам ретінде мені құтқарғаны үшін мен оны ерекше сыйлаймын.
Аида Кәуменова, дизайнер:
- Бірінші рет мен оған келдім визажға, мэйк-ап жасауға. Сонда Санди маған алғашқы рет, мэйкап жасап берді. Содан мен мүлдем өзімді айнадан көріп, Сандиды жақсы көріп кеттім.
Бүгінгі таңда, Сандидың қолынан өтпеген отандық жұлдыз кемде-кем. Алайда, шебер өнер өкілдері арасынан ең алғаш әрлеген адамын ұмытпайды.
Сандуғаш Бексырға, жұлдызды визажист:
- Жанболат пен Жазирадағы Жазираны ең бірінші рет боядым. Ол кісі сенімін артып, маған отырған кезде мен Аллаға шүкір дедім. Күшті қылып бояғаннан кейін қалған әншілерге ұнай бастады.
Бірақ, Сандуғаш өзінің бүгінгі жеткен жетістігін місе тұтпақ емес.
Сандуғаш Бексырға, жұлдызды визажист:
- Ендігі жоспарым, келесі жылдың март айында Америкаға жол тартып бара жатырмын. Жұмыс істеп, өзімді сынап көрейін деп. Сол үшін Америкаға барып, Дженифер Лопестің визажистінен сабақ алғым келеді.
Қысқасы, жұлдызды визажист алар асуларым әлі алда деп отыр. Санди Бексырға енді Дженнифер Лопесті әрлесем, арманым жоқ дейді.