Алтынай Жолдыбаева қандай жігітке тұрмысқа шығуды армандайды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Әсел Сәдуақасова сынды отандық шоу-бизнесте «оң жақта» отырған арулар жетерлік! Мәселен Кәмшат Жолдыбаева, Құралай Анарбековалар отыздан асса да, әзірге тек кинода ғана «ақ келін» атанып жүр.

Әпкесімен салыстырғанда, кіші Жолдыбаева жасы келгенін мойындайды. Алтынай дәл қазір-ақ бір әулеттің түтінін түтетіп, отанасы атануға әзір. Өкініштісі, сылқым сүйіктісін әлі кездестірмеген.

Алтынай Жолдыбаева, әнші:

- Тұрмысқа Алланың бұйырған күні шығамын. Мен ойлаймын, оның ерте-кеші жоқ деп. Өйткені әр адамның өз несібесі бар. Егер ол қазір болмаса, демек сен ол күнге жетпедің деген сөз.

Алтынай болашақ жарының қалтасының қалыңдығына қарамайтынын айтып, ағынан жарылды. «Мейлі таз болса да, ақшасы аз болса да» деген ұстанымдағы сылқымның, сүйіктісіне қояр талаптары мынандай:

Алтынай Жолдыбаева, әнші:

- Адамгершілігі, жан дүниесі және де адамның өз-өзін сыйлауы, өзі-өзін жақсы көруі. Яғни адам өз-өзін жақсы көрсе, сыйласа ол адамның алға қойған мақсаты, арманы да болады. Яғни ол адам бәріне қол жеткізе алады. Және де әрине еркектік мінез, ол әр жігітке жарасады.

Тұрмыс құру асылдық Ақерке үшін өзекті мәселеге айналған. Сылқым үшін «күйеуге қашан тиесін?» деген ата-анасының сауалы жауыр болған.

Ақертке Бүркітбай, «Асыл» тобының әншісі:

– Ол енді өте актуалды проблемалардың бірі қазір. Күнделікті сөйлескен кезде, қоңырауымыз сол әңгімемен басталып, сол әңгімемен аяқталады. Мен түсінемін енді, ата-анамыз немерелі болғысы келеді.

Ғашығы болмаса да, Ақерке ұзату тойын келесі жылға жоспарлап отыр.

Ақертке Бүркітбай, «Асыл» тобының әншісі:

- Өзім 25 жасымда күйеуге шығуым керек деп өзім айтатынмын. Енді қазір жасым 27-де. Ешқандай жоспар құрып жатқан жоқпын, отбасылық өмірге деген. Бірақ келесі жылдың еншісінде деген өзімде бір сондай арманым бар.

Арманындағы жігітті жолықтыруды күтіп жүргендер көші мұнымен шектелмейді. Жасы келсе де, тұрмыс құрмаған арулар көшін Гүлназ Жоланова, Жания Джуринская, Индира Еділбаева, Динара Бақтыбаева мен Мақпал Исабековалар жалғайды.