Маямиде «Dior» брендінің ерлерге арналған топтамасының таныстырылымы өтті! Көптен күткен сән кеші мәртебелі меймандарға лық толды. Қонақтар көшін Ким және Кортни Кардашьян, Кейт Мосс, Трэвис Скотт, Дэвид Бекхэм сынды жұлдыздардың өзі бастады.
Тың топтама сән үйінің дизайнері Ким Джонс пен Шон Струссидің каллобрациясы саналады. Алайда, кештегі шығармашылық серіктестік бұл ғана емес. Шарада Dior мен Nike бірлесе шығарған спорттық аяқ-киімдер де ел назарына ұсынылды.
Ал Диордың бұл көрсетілімі нәзіктікке толы болды. Гүлді шляпа, нәзік түстер мен ерекше принттер. Әйгілі сән үйі, ерлер қауымы қыс маусымында дәл осылай киінуі керек деп санайды. Сондай-ақ, топтамада жігіттерге арналған су жаңа сөмкелер де жетерлік. Қысқасы, енді серілер сылқымдармен жарыса, стильді киіне алады.