Айсара Бисенова, @ais.tv
- Сән қуған сылқымдар «Fashion Week Almaty»-ға жиналуда! Бомонд бас қосқан шараға мен де келдім. Келер жылдың тренді қандай? Дизайнерлер тың үлгілерімен таңқалдыра ала ма? Қазір анықтаймын.
Сән апталықта алғашқы болып «Кірпі» бренді өз топтамасын таныстырды. Диазайнер Лилия бұл жолы да ретро стильден аса ауытқи қоймаған.
Лилия Мамиева, дизайнер:
- Лилия, өткен жылы әжемнің заттарын ақтарып, коллекцияма шабыттандым деген едіңіз. Биыл сізді не шабыттандырды?
- Білесіздер ме, бұл жылы топтамамды әйелдердің сұлулығына, тазалығына, даралығына арнағым келді. Үлгілерім нәзіктікті аңғартады.
– Келесі жылғы трендтер туралы айтып берсеңіз?
- Түстерге келер болсақ ашық қызыл, ашық көк, хаки сәнде болады. 70-ші жылдардағы үлгілер трендке айналады.
«Лаима» сән үйінің үлгілері де, нәзіктікпен көзге түсті. Ерек топтама, ақ ұлпа қар мен көгілдір аспанды еске салады.
Альфия Испергенова, дизайнер:
– Топтамаңыз туралы айтып берсеңіз, жаңа топтамаңызды көрдік. Неге осы стильді таңдадыңыз?
- Мен өзім жаңа жылды жақсы көрем, жаңа жыл меркесін. Тақырып жаңа жыл меркесі болды. Сондықтан бәрі өте жарқын, ақ, қызғылт түстерден құралған.
- Неліктен өз брендіңіздің атын Лаима деп қойдыңыз?
- Себебі, менің қызымның аты Лаимнұр. Ең үлкен қызым. Екінші қызымның аты Алима. Еркелетіп Лаима деп айтамыз, сондықтан осы қызымның атынан қойғанмын.
– Көрерменге кішкентай құпияны ашайын, мына көйлектің брендінің аты Лаима.
- Таныдыңыз ба көйлегіңізді?
- Иә рахмет сіздерге таңдағандарыңызға.
Кейіннен VIA DELLE ROSE брендінің үлгілері де ел назарына ұсынылды. Ал, топтамаларды алғаш болып тамашалауға келген қонақтардың қарасы мол болды. Тіпті олардың арасында шетелден келген байерлер де бар.
Mori Kozuma, жапондық байер:
- Қазақстанға неше үшін келгеніңіз туралы айтып берсеңіз?
- Мен Жапониядан келдім. Токиода әлемнің мықты диайзнерлерінің киімін сататын өз дүкенім бар. Соған Қазақстандық сәнгерлердің үлгілерін сатып алуға келдім.
- Еліміздің қыздарының киіну стилі туралы не ойлайсыз? Мысалы, менің образым туралы.
- Өте әдемі. Қазақстандық арулар Ресейліктермен салыстырғанда өзгеше киінеді екен. Ерекше әрі әтүрлі образдар. Маған бұл ұнайды.
Мәселен, шетелдік мейман сөз еткен бикештердің бірі – Мәдина. Олжас Сүлейменовтың қызы шарада қызыл түсті қысқа етек көйлегімен көзге түсті.
Мадина Сүлейменова, О. Сүйлеменовтың қызы:
– Мадина мен сізді осындай шараларда, сән шараларында көп көремін. Бүгінгі образыңыз да ерекше. Айтып берсеңіз?
- Рахмет. Үстімде сүйкті брендім «Александр Ватье» үлгілері. Ал аяқ киімім мен сөмкем болса, «FENDI».
- Осындай Қазақстандық фэшн шоуға келіп, неліктен отандық дизайнерді таңдамамыдыңыз?
- Себебі менің сүйікті диайзнерлерім Жеребцов, Сәкен және Алекс Чжен бүгінгі көрсетілімге қатыспайды.
– Ал осы сезондағы қандай трендтер туралы айтып бере аласыз?
- Меніңше былғары ешқашан сәннен кетпейді. Сондай-ақ, жылтыр киімдерді киген дұрыс шығар. Оның үстіне жуырда жаңа жыл.
Ян Рей, fashion-фотограф:
– Образыңыз өте ерекше екен. Сізге бірден жақындап келдім. Айтып берсеңіз.
- 2 тысячи, 3 тысячи, 5 тысячь.
- Теңге, доллар?
- Теңге.
- Теңге?
- Конечно, удай қымбат.
- Шашыңыздың түсі де ерекше екен. Қазір ол тренд па?
- Ол тренд.
– Сумкаңызды қарсам, еркектердің сумкасы ма?
- Это еркек.
- Қызғанып тұрмын ғой.