Райан Рейнольдс Оңтүстік Кореяда! Дәл осы елде әйгілі актердың қатысуымен таспаланған «6 Underground» туындысының тұсауы кеесілді. Ауқымды шарада картинаның түсірілім тобы да төбе көрсетті.
Голивудтық жұлдыздармен қатар, бұл кешке «EXO» тобы да қатысты. Netfix-тың су жаңа лентасын қолдауға келген к-рор әншілер, Райан Рейнольдспен достасып та үлгерген көрінеді. Екі елдің өнерпаздары суретке түсіп, бір-біріне деген жылы лебізін жаудырды. Кейіннен көңілді кеш бойзбендтің әсем әнімен жалғасты.
Еске салсақ, фильмде Райаннан өзге Мелани Лоран, Дэйв Франко, Бен Харди сынды кіл мықты актерлар төбе көрсетті. Ал, фильмнің режиссерлік тізгінін Майкл Бэй өз қолына алған. Туындының сюжеті бойынша, алты миллиардер өздері көз жұмғандығы туралы жалған ақпарат таратып, көптен жасырынған соң, қылмыспен күресуге көшеді.
Шытырман оқиғаға толы лента 13 желтоқсан күні үлкен экрандарға жол тартпақ!