Асылхан Төлепов тұңғышының тұсауын Ақан Сатаевқа кестірді. Актердің кино әлеміндегі бағын жаққан режиссер Алпамысқа өзінің тәтті тілектерін арнап бөбекті тәй-тәй бастырды. Ал тұсауы кесілген балақайдың бір қолынан жетектеп жүру мәртебесі танымал актер Азамат Сатыбалдыға бұйырды. Бұндай мерекені шағын ғана ортада атап өткен Асылхан, айтулы кешке достары Берік Айтжанов, Еркебұлан Дайыров, Аян Өтепберген, Асан Мәжит, Қазрет Қажымұқанұлын ғана шақырған.
Соңғы кездері елді батыл образдарымен таңғалдырып жүрген Мәдина Сәдуақасова жұртқа тағы бір тың фотосет ұсынды. Бұған дейін иығын, мойынын, тізесін ашқан әнші, енді анардай төсін айқара көрсетіп суретке түскен. Оны желіге жүктегені сол-ақ екен, «сен жас қыз емессің, келінсің. Кеудеңді жап. Соны ашпай-ақ қоюыңыз керек еді. Ұят-ай.» секілді сынның астында қалған. Бірақ Мәдина әзірге бұл сөздерді елей қоймақ емес сияқты. Себебі жазылған негативті пікірдің біреуіне де жауап бермеген.
Күні кеше ғана Жазира Байырбекова қызды болғанын айтып, жұрттан сүйінші сұраған еді. Ал бүгін әншінің анасы 70-ке толып жатыр. Бұл туған күн басқа туған күндерден мүлде ерекше. Өйткені Жазираның анасын 97 жастағы өз анасы құттықтап келіп, ақ батасын берген. Ерекше көрініске куә болған оқырмандар, бұл әулетке ақ тілектерін жаудыруда.