Танымал әзілкеш Жахан Отарғалиев аз уақытта ТОП актерлар қатарына қалай енді?

Сообщить о проблеме с эфиром

Оның киноөндіріске қадамы тым ұзақ болды! Танымалдылыққа қанша талпынғанымен, үнемі атағым асқақтаса деген арманының күлі көкке ұшатын! Бір жылдары «Жайдарманды» жағалады, Тұрсынбек Қабатовты пана тұтты! Бірақ, оның сахнадағы жұлдызы жанбай-ақ қойды! Дегенмен, Жахан Отарғалиев түптің-түбінде көздеген нысанына дөп тиді! Бүгінде ол ең сұраныстағы актерлар үштігінде десек жаңылмаспыз!

Бір апта бұрын үлкен экрандарға жол тартқан «Красавчики до нашей эры» фильмінде де Жаханға қосалқы рөлдердің бірі бұйырған.

Жахан Отарғалиев, актер:

-Бұған дейін қандай фильмдерге түстің?

-«Свадьба KZ», «Кино по понятиям».

-Айырмашылық бар ма? Красавчиктерден

-Конечно, конечно! Үлкен айырмашылық бар. Өйткені бұл жерде біріншіден ерте ғасыр өздеріңіз көріп тұрғандай баннерден, киім аз, күн ыстық болды. Сол жағы кішкене қиындау болды.

Әр образын барынша шынайы сомдайтын Жаханға комедияларда бой көрсету еш қиындық туыдырмайды. Еске салсақ, актер өнер жолын «КВН»-нан бастап, той жүргізіп танымал асабалардың бірі болған-ды.

Жахан Отарғалиев, актер:

-Жахан, өзіңе деген сұраныс актер ретінде артып жатыр, сыры неде мұның?

-Аллаға шүкір 1 жылда 5 киноға түскен екенмін ғой, Аллаға шүкір, бұйырса келесі жылы екеуі шығады деген сияқты, сол енді шүкір Аллахтың берген бағы шығар. Біраз жүрдім енді Нұрсұлтан шыны керек осы уақытқа дейін көріне алмай көріне алмай, сол бір бақты берді, соны дұрыс пайдаланып қалдым деп ойлаймын.

Актер атану үшін талай жыл еңбектендім деген серінің, шығармашылығы ғана емес, жеке өмірі де жұрт назарында. 34 жасқа келген актер әлі күнге дейін сүрбойдақтар қатарында.

Жахан Отарғалиев, актер:

-Қарап жүрген қыздар бар шығар? Көз басып жүрген?

-Бар ғой, конечно, көз басып жүрген. Ойланып жүрген, бәлкім осы шығар деп сыртынан қарап жүрген қызым бар.

-Анаң жиі қалжыңдайды саған. Сұр бойдақ қой бұған қыз қарамайды, жасы келіп қалды ғой деп. Қаншалықты келісесің? Қыздар қарап жүр ма?

-Жоқ, қыздар қарайды. Анам осы жерде қателеседі. Просто өзім выбор жасай алмай жүрм. Тоқтай алмай жүрмін, шыны керек.

Жахан киноның ғана емес, ғаламтордың да жұлдызы. Әзілкеш әлеуметтік желіде өзінің анасымен түрлі вайндар түсіріп, «Сәпеш», «Жездуха» рөлдерімен де көпке танылып үлгерді. Қалжыңына арқау болар дүние - әлі күнге жүрегінің жартысын таппағандығы. Дегенмен, Жахан бұған дейін шаңырақ көтеріп, перзентті бола алмағандықтын 7 жыл отасқан жарымен ажырасып кеткен-ді.

Жахан Отарғалиев, актер:

-Қашан үйленесің енді? Қашан анаңды қуантасың енді?

-Алла бұйырса 2020-да мен анама даже, мынандай қылып әзілдеп қойғанмын. «Мама мен 2020 ораза рамадан айына дейін үйленбесем ар жағында сен айтқан қызға үйленемін» деп. Әзілдеп қойғаным бар енді, әзілдің де кішкене енді мамам мынаны көре ма екен білмеймін енді.

-Мамаң қыз мына қызды қара мынау пәленшенің қызы еді деп айтып жүре ма?

-Бар бар айтып жүргендері.

-Бұрынғы қателіктерді қайталамау үшін қыздарға қоятын талаптарың, шарттарың, қағидаларың бар ма?

-Мені түсіну, мен сыйлау, өзімді ер ретінде сыйласа, менің әке-шешемді құрметтесе жұмысымды түсінсе, өйткені біздің жұмыс өзің білесің өнермен то съемка дейсің, то анау то той дейсің деген сияқты. Соны түсінетін адам болса болды.