Пушкин рэп оқып, баттлдарға қатысады. Ол аз десеңіз, стриптиз бишілермен көңіл көтереді! Наталия Сац атындағы Балалар мен жасөспірімдер театры дәл осындай ерекше интерпретацияда орыстың ұлы ақыны туралы қойылым ұсынды.
Шығарма авторы дәл осылай Пушкиннің өмірі мен қазіргі заманды тоғыстыруды көздеген. Сондықтан медиаспектакьдің сахнасында журналистерді байқап қалсаңыз еш таңқламаңыз.
Олег Гостев, Н. Сац атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрының директоры:
-Пушкин Лайф қойылымы қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбаевқа араналды. Себебі, Абайдың арқасында дәл осы Пушкиннің шығармаларын күллі қазақ елі білді емес пе?
Пушкиннің образын сомдау – жас актер Артем Селезневка сеніп таспырылса,
туындының режиссерік тізгінін - Ольга Бобрик қолына алған еді. Өнерпаздың өзі де бұл күні сахнадан табылды.
Ольга Бобрик, режиссер:
- Өте қиын болғанын жасырмаймын. Екі жұмысты қатар алып жүру оңай емес. Алайда, дәл осы образды өзімнің сомдауыма тура келді.
Ал, спектакльдағы әртістердің әсем киімдерінен көз сүрінеді. «Пушкин LIFE» қойылымындағы образдар әйгілі дизайнер Сергей Шабуниннің қолынан шыққан дүниелер.
Сергей Шабунин, дизайнер:
- Кей үлгілерді менің шеберханамда дайындасақ, кейбірін театрдың тігін шеберханасында әзірледік. Қойылымдағы әртістердің шаш үлгісі, макияжы, яғни түгелдей образдарына мен жауап бердім.
Еске салсақ, Шабунин киімдерінің құны 3 миллион теңгеге дейін барады. Бұл дарынды дизайнердің театрмен алғаш рет жұмыс істеуі.