Кристен Стюарт пен Наоми Скотт «Чарли Періштелері» картинасының тұсауын кесті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Лос-Анджелесте көптен күткен «Чарли Періштелері» картинасының тұсауы кесілді! Айтулы премьераға фильмнің бас кейіпкерлері түгелдей қатысты! Кристен Стюарт, Наоми Скотт, Элла Балинска мен Элизабет Бэнкс бұл күні қырағы папараццидің жіті назарында.

Алайда, жан-жақтан қаумалаған камера аруларды шабындандырған сынды. Актрисалар шарада аса көңілді.

Элизабет Бэнкс, режиссер:

-Бәрі тамаша! Керемет картина болады! Тамашалаңыздар!

Элла Балинска, актриса:

-Мен қазір «Чарлидің періштелері» премьерасындамын, премьера «Чарлидің періштелерінде»! Қысқасы, түсіндіңіздер. Көңіл-күйіміз керемет. Қазіргі әсерімді жеткізу мүмкін емес!

Ал, кеште Кристен Стюарт әсем образымен көзге түсе білгендей. Сылқым тұсаукесерге, «Germanier» брендінің жалт-жұлт еткен қысқа көйлегін киіп келді.

Кристен Стюарт, актриса:

-Қыздармен бірге фильмге түсу, мен үшін құрмет. Біз үлкен жұмыс атқардық. Бұл жоба менің өмірімді бұрынғыдан да қызықтырақ етті десем, қателеспеспін.

Су жаңа лента 2000 жылы көрерменге жол тартқан «Чарлидің періштелері» картинасының ремейгі саналады. Фильм, үш арудан жасақталған арнайы агенттер тобы туралы.

Наоми Скотт, актриса:

-Фильмді көрермен міндетті түрде тамашалауы тиіс. Себебі, ол өте күлкілі. Қызу жұмысқа кіріскен нәзік жандылардың хикаясы дер едім. Лентаның басты мэсседжі: «әрбір ару періште»! Яғни, барлығымыз.

Еске салсақ, фильмнің саудтрегін Ariana Grande, Miley Cyrus, Lana Del Rey орындаған еді. Шоу-бизнестің ең үздік аруларын топтастырған лента, қарашаның 14-нен бастап үлкен экрандардан көрсетілмек!