«Оскар, Эмми, Гремми» жүлделерінің иегері Джон Ледженд «Реоple» журналының нұсқасы бойынша әлемдегі ең әдемі ер азамат деп танылды! 40 жастағы әншінің бұл кезекті марапаты. Ал Джонның өзі салтанатты шарадан кейін берген сұқбатында: «Енді менің суреттерімді ханымдар тіптен үлкейтіп қарайтын болды ғой» деп әзілдеген.
Жақында ғана Патшалық әулеттің герцогиниясы Меган Маркл өзіне желіде жаман пікір жазып, шабуыл жасаушылардың көбейгенін айтып, кейістік білдірген еді. Бұл оқиғаны естіген экс-президенттің жары Хиллари Клинтон Меганды қолдайтынын және көрген жерде құшақтап алғысы келетінін
айтқан. Себебі, оған рухани демеу жетіспей жүрген сияқты – дейді Хиллари.
Селена Гомез кеше ғана АҚШ-тық басылымға берген сұқбатында, әліге дейін күйзелістен шыға алмай жүргенін және желідегі жаман пікірлердің оның денсаулығына кері әсер етіп жатқанын айтқан. 27 жастағы әнші, адамдарды мейірімді болуға және түсіністікке шақырды. Ал, Селенаның өзі бүгінде жеке клиникалардың бірінде ем алып жатыр екен.