Алтынай Жорабаеваның 12 жыл бұрын алған несиесін төлей алмай жүргені рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Жарқырап жүрген жұлдыздардың да жүректерінде өз жаралары бар. Бірақ, жария қылып айтқысы келетіндер аз. Ал, Алтынай Жорабаева болса: “Елден жасырар құпиям жоқ – дейді. Әнші осыдан 12 жыл бұрын несиеге үй алған. Төлеп біткеннен кейін, «енді банктің табалдырығын қарыз алу үшін аттамаспын» деп өз өзіне сөз беріпті.

Алтынай Жорабаева, әнші:

– 2007-ші жылы шығар, несие алдым. Мына жер үйді несиеге алған болатынбыз. Ал, қазір жоқ, несием жоқ.

Ал, Меруерт Түсіпбаева болса, қалауын тауып қар жандырып жүрген жұлдыздардың қатарында. Әншінің айтуынша, несиеден еш қорқудың керегі жоқ. Тек бәрін дұрыс жүйелей білсеңіз болғаны. «Мен банктердің ең тәртіпті тұтынушысымын» дейді Түсіпбаева.

Меруерт Түсіпбаева, әнші:

– Несиені ерте жабатын, ешқашан несиеге просрочка жібермейтін мен өте әдемі, мен өте тамаша, тәрбиелі-тәртіпті клиентімін.

Тәртіпті тұтынушылардың тізімінде Айқын Төлепберген де бар. Өмірі аста-төк болып көрінгенімен, оның да қаржыдан қиналып қалатын кездері болады екен.

Айқын Төлепберген, әнші:

- Құдай сақтасын. Кредит деген қиын нәрсе негізі. Керекті нәрсеге алмаса кредитті. Мысалы мен алғаш үйімді алғанда кредит 20 мың доллар жетпей тұрды да. Сол 20 мың долларды мен кредитқа алғанмын.

«Қарыз, қарызды шақырады!» бұл берешек болып қалудан қорқатын бүгінгі әртістердің ұстанымы. Үстеме қайтарымы бар қаржыдан қашық жүруге қашанда тырысу керек-ақ!