Көзден таса болған «Moonlight» тобы камбэк әзірлеуде!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жарты жылдан бері сахнадан көрінбей кеткен «Мунлайт» тобын көпшілік тарап кетті деп топшалауда. Жігіттер көзден тасада болса да, тек шығармашылықпен айналысқандарын айтады.

«Moonlight» тобы:

- Біз осындамыз, сахнадамыз әлі де. Негізінде біз енді көп арналарға көп шыға бермейміз да. Біздің бір басты себептеріміздің бірі шығар сол, өйткені адамдар көз алдыңда болмағаннан кейін, сразу бірден ой туындайды ғой адамда, тарап кеткен шығар деген сияқты.

Топтың өмір сүруі үшін барын салып жүрген «Мунлайттық» жігіттер, бүгінде екі бірдей бейнебаян таспалап қойған. Өнерпаздар су жаңа альбомдарына енген «Түн» және «Бояусыз» атты тректеріне клип арнауды жөн көріпті. Себебі, туынды арқылы тыңдарманға жеткізеріміз мол деп отыр.

«Moonlight» тобы:

- Біреу мүмкін өзін толықпын деп ұялуы мүмкін, біреу мен бетімде там сепкілдерім бар деп ұялуы мүмкін, бір қыз.. ну әртүрлі ғой. Бірақ біз айтқымыз келгені, сен қандай болсаң да, Құдай сені солай жаратты и сен өмірдегі ең әдемі жаратылыссың, өйткені қыз адам болғаны үшін деп.

Продюсерсіз қалған жігіттер, шығармашылықтарын қайта жандандыру үшін, түрлі қызмет атқаруға мәжбүр.

«Moonlight» тобы:

Мен өзім живой команда да өлең айтамын, солай қаражат табамын.

Мен музыкальный продюсермін то есть көп әншілермен жұмыс жасаймын, әндер жазамын. Камшат, Алтынай, Аянат, Данэлия Тулешованың соңғы Don’t cha деген әні шығайын деп жатыр или шықты ма мен білмеймін, сонда ол да менің жұмысым.

Көп ұзамай өнерпаздар «Құлаққап» атты альбомдарын ұсынбақ. Одан өзге жаңа бейнебаяндары мен youtube плафтормасында жеке блоктары да жарық көреді.

«Moonlight» тобы:

- Так біздің тыңдармандар, бізге ренжімеңіздер.. Біз өмірі айтамыз да жоқ болып кетеміз.Жақын арада біз сіздерді осындай көптеген жаңалықтармен қуантамыз. Дайын болыңыздар, көптеген жаңалықтарға. Рахмет!