Меган Маркл мен Гарри ханзаданың тұңғыштарына күні кеше 6 ай толды. Инсайдэрлердің хабарлауынша, Арчидың дамуы жақсы. Тіпті нәресте еңбектеуге талпынып, сөйлегісі келетін болыпты. Шақалақ туылған алғашқы айларда Гарри мен Меган бір-бірімен түсінісе алмай, жиі араздасқан көрінеді. Кейін ұлдары өсе келе бәрі бұрынғы қалпына қайта келіпті.
Бірнеше сағаттық фотосессия, Селена үшін мұң. Әнші бұған әліге дейін бой үйрете алмай келеді. Ал өзі керісінше, айналасын фотоға таспалағанға құмар. Кеше ғана Лос-Анджелес көшелерінің бірінде әнші құрбыларымен серуендеуге шығып, оларды суретке түсірумен болған. Фотограф болып жүрген Селенаның өзі де объектив көзіне ілігіп қалыпты.
Кеше кешкі уақытта француздық актриса КатрИн Денёв шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. 76 жастағы актрисаның түсірілім алаңында жүрек талмасы ұстап қалған. Туыстарының айтуынша, соңғы кездері Катрин мазасызданып жүрген. Ем қабылдағаннан кейін, актриса фильмнің түсіріліміне қайта кіріспек. Бірақ әзірге Денев дәрігерлердің жіті қадағалауында болуы керек екен.