Алтынай Жорабаева жұлдызды чаттардың құпиясын ашты.

Сообщить о проблеме с эфиром

Әріптестерімен олар не туралы сөйлеседі?

Әртістер өз араларында әңгімеге нені арқау етеді? Мессенджерлердегі чаттарында не жайлы сөйлеседі? Алтынай Жорабаева тек жұлдыздар жиналған чатты көрсетіп, тіпті олар жазған смс-терді де оқып берді.

Алтынай Жорабаева, әнші:

– «Ару аналар» дейміз Астанадағы. Мына Алматыдағы Гүлзира апай бәріміз, ол жерде әр саланың ханымдары бар. Олар «Милашки» деп қойған өздері аттарын. Әр ай сайын «Кезекті милашки кездесуі» деп салсақ, бізге комментарий жазып жатады: «өздері бұлар милашки деп қойып алған, қай жері бұлардың милашки боп тұр?» деп. Міне, міне... Әлі басталмады, басталды деген... «Милашки» чатымыз...

Ал «Асылдық» Ақерке өнер мен спортты қатар алып жүруге тырысады. Айтуынша, «жұлдызды чаттарға» қосылуға уақыты да, қызығушылығы да жоқ екен.

Ақерке Бүркітбаева, әнші:

– Жұлдыздар арасындағы чаттарға... Енді біз тенниспен айналысамыз. Көптеген жұлдыздар бар. Өзі менде сол 1-ақ чат бар. Одан бөлек топтың қыздарымен ғана чат.

Меруерт Түсіпбаеваның ешқандай чатқа қосылғысы жоқ. Өйткені тынымсыз келетін хаттар, әншінің мазасын кетіреді екен. Тіпті, Меруерт күні-түні телефонға телміріпі отыратындарды «еріккендер» деп сынап тастады.

Меруерт Түсіпбаева, әнші:

– Кейбір кезде бір чаттарға қосады ғой. Шығып кетемін. Тіпті сенесіз бе, балам мектепте оқығанда чатында жоқ болатынмын. Өйткені, оған тарсылдатып күні-түні сала береді ғой еріккен адамдар.

Елдің назарында өзі ғана емес, сөзі де жүретін жұлдыздар қауымы чаттағы жазбаларын жасырын ұстауға тырысады. Сондықтан да болар, көбі «ондай жерде отырмаймыз» деп құтылады.