Міне, дәл осы орындау арқылы көпшіліктің көңіліне жол таба білген әзілкеш жігіттер, аз уақытта жарқырап жанды, елдің есінде қалды. Ең қызығы, ән айту үш жігіттің де жоспарында болмаған. «Бұл жолға кездейсоқ келдік» дейді олар.
Қабдол Тілеков, әзілкеш:
– Біз бірден атып шығып «Меховая» болып кеткен жоқпыз. Жәйлап -жәйлап түсіндірдік бағытымызды.
«Бірден танымал болып кету, үш ұйықтасақ түсімізге кірмепті» деген жігіттер, бәрі инстаграм желісіндегі тікелей эфирден басталды дейді.
Қабдол Тілеков, әзілкеш:
– Сөйтіп екеуіміз прямойда отырып, музыкамен битті жіберіп қойып, бір өзіміз рэппен импровизация қуғанбыз ғой...
-Нені қудық?
-Импровизация...
- Продюссері ретінде айтайын, көп сөздерге тілі келе бермейді.
«Құс қанатын қағып үлгермейтін уақытта танымал болып кеттік» деп әзілдеген олар, тоқтап қалу жоспарымызда жоқ дейді. Тіпті, астарлы қалжыңмен қағытып, продюсермен жұмыс істеуге қарсы емес екендерін де білдіргендей...
Жандос Самалбеков,әзілкеш:
–Осы топтың әзірге продюсері өзім болып жүрмін. Ақшаны осы жігіттерге салып, киімдерін әперіп... Сөйтіп жүрмін... /Қабдол микрофонды алуға тырысады/ Асықпа... Сен қалай -қалай продюссеріңе... Еркелейді өзі... Еркелетемін.
– Кім продюссер мырза, кешірім сұраймын? Микрофонды алсақ бола ма? Біздер ғой енді бұл жерде...
- Жағаласпа!
Топтың ғана емес, елдің де арасында еркелеп жүретін Қабдол көшілікке «Бет ашатын бала» ретінде танымал. Оның ерекше стилі жұрттың жадында бірден сақталып қалған. Осы арқылы нәспақасын табатын ол, енді кино әлемін бағындыруға ниетті. Қоржынында бірнеше телехикаялар да бар. Бірақ Қаболдың қамдағысы келетіні тезірек «Отау тігу» секілді.
– Әйел кісі ма, бір продюссер керек.
-Негізі ондай кісі керек емес, просто әйеліміз керек қой. Үйлену керек үшеуімізге.
-Мына бала уже әйеліне бағынатынын білдіріп отыр.
– Менің қызым жоқ.
- Кешегі ше?
– Менің қызым бар...
- Нұрболаттың қызы бар сияқты негізі...
- Бар, бар. Бірақ ананы айтпа...
Жұрттан өзара сыр жасырған жігіттер, алға талай жоспар құрып қойғандарын, тек көштің алдына түсіп алып жүгіргенді ұнатпайтындарын айтты.