Осыдан екі ай бұрын басталған сот процессі әлі аяқталар емес! Онсыз да сиырқұйымшақтанып кеткен істі, Ләйлә Сұлтанқызы жазған кезекті арыз тағы біразға тежемек. Тележүргізуші сот отырыстарын Нұр-Сұлтанға ауыстыруды сұраған еді.
Айман Омарова, Б. Дәулетбекқызының қорғаушысы:
- Сеңгірбекованың тарапынан жеке шағым түсті, келіспеушілік білдірді. Ол аппеляция сот сатысында қаралды. Осы 16 октябрь қаралды. Бірақ,сот бірінші сот сатысының дұрыс деп табылып, қаулы шығарылып біздің өтінішіміз толық қанағаттандырылды.
Осылайша танымал тележүргізушінің талабы өзгеріссіз қалды. Яғни, бұған дейін елордада қаралған іс енді екіге бөлініп, екі қалада қатар жүргізіледі. Нұр-Сұлтан және Алматы шаһарларында.
Нұрболхан Шарапов, әзілкеш:
- Сот процессі августың 19-нан бері әлі жалғасып келе жатыр. Қасымдағы Бибігүл ханымды то Алматыға ауыстырып алды, то Астанаға қайта шақыртып алды. Сеңгірбекованың шағымы бойынша.
Әзілкеш Нұрболхан Шарапов дәл осы істен көпшілік тұрмақ, өзінің мезі болғанын айтады. Сондықтан, құзырлы органдардың кез-келген шешіміне дайын. Бірақ, түптеп келгенде соттың өз пайдасына шешім шығарарынан үмітті.
Нұрболхан Шарапов, әзілкеш:
- Нақты сот біткен кезде УРААА деп инстаға салатын шығармын өзім, құдай қаласа. Бүкіл қазаққа жар салып.
Әзілкеш соттың салдарынан біраз жапа шеккенін айтып қалды. Той басқаруға ұсыныс түспей қалғаны өз алдына, жуырда әлеуметтік желідегі барлық парақшаларына кибер-шабуыл жасалыпты.
Нұрболхан Шарапов, әзілкеш:
- Арнайы тапсырыспен бұзылғанын білдік кейін. Себебі, youtube арнамды да, gmail почтамды да, инстаграмды да бір уақытта бұзып алды. Ол хаккерлер Украинада отыр, бірақ тапсырыс берген, тіркелген нөмір казахстанкий номер. Демек ол тапсырыспен берілген нәрсе. Енді кімнің тапсырыс бергені өзіңізге мәлім шығар.
Оған қоса, тележүргізушімен сот залында емес, бөгде жерде жүздесіп қалса қымсынатынын алға тартады. Олар қазір мүлдем сөйлеспейтін болыпты.
Нұрболхан Шарапов, әзілкеш:
- Кездескенде де бір қызықты жағдайда, самолетте кездесіп қалдық. Бизнес-класста жақын жерде отырып қалдық бір кездері. Вот сол кезде просто амандастық, ол кісі амандасқан жоқ менімен.
Естеріңізге сала кетейік, Ләйлә Сұлтанқызы журналист Бибігүл Дәулетбекқызына 130-шы баптың 2-ші бөлігі «жала жабу, беделіне нұқсан келтіру», ал әзілкеш Нұрболхан Шараповқа жоғарыда аталған бапқа қоса қылмыстық кодекстің 131-ші бабы 2-ші бөлігі, яғни «көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып қорлау» бойынша шағым түсірілгенді.
Ақылбек Мақсұтов, Л.Сұлтанқызының қорғаушысы
- Ол сөздер басқа адамның ар-намысын, қадір-қасиетін қорлайтын сөздер екені, жаңағы сот сараптамасымен дәлелденген. Біз тектен-тек сотқа берген жоқпыз, бірінші сараптама өткізілген. Және бұл сөздер кімге бағытталған деген.