Киногер неліктен қоластындағы актерлардың қаламақысын толық төлемеді?
Нұрсұлтан Есжан, тілші:
- Жеңісхан Момышев продюсер ретіндегі тырнақалды туындысының тұсауын кеспек! Киногер алғашқы лентасын қарттарға арнап, әлеуметтік тақырыпты қозғаған. Фильмнің бағыты да ерекше - трагикомедия жанрында!
Бұл кештің басты жұлдызы – сөзсіз Жеңісханның өзі. Меймандар Момышевпен суретке түсу үшін кезекке тұрса, қадірлі қонақтар арасынан тұсаукесерлерде төбе көрсете бермейтін Алтынбек Қоразбаев пен еліміздің спортшылары та табылды.
Жеңісхан Момышев, режиссер, продюсер:
- Бүгін тұсаукесер, сезім қалай?
- Сезім өте әдемі.
- Продюсерлікке қадам басуыңның себебін сұрайыншы. Жеке амбицияңды қанағаттандыру ма, әлде шыныңды айт қалтаңды қалыңдату ма?
- Енді мына киноны көргеннен кейін ответын табасың өзің. Бұл кино өте... Комедия болғанымен, семейная комедия. Социальная теманы көтереді. Алдында продюсермен жұмыс істегенде бұл теманы көтере алмайтынмын. Сондықтан мен өзімнің ойымдағы нәрсені бітіріп отырмын.
– Неге бұл тақырыпты алдың?
- Өйткені бұл тақырыпты ешкім түсірген жоқ. Бұл тақырып ешкімге керек емес. Козғалмаған, керек емес.
Су жаңа лентаға қарттар үйінде қалдырылған ақсақалдардың оқиғасы негіз болған. Сюжет бойынша, байдың баласы аталмыш мекемеге жұмысқа орналасады. Ата-әжелермен біраз уақыт өткізген ол, кейіннен өмірге деген көзқарасын өзгертеді.
Басты рөлді сомдау Тұрар Давильбековке бұйырғанды. 10 жыл бұрын «Қайрат-чемпион» картинасында төбе көрсеткен ол, ұзақ үзілістең соң үлкен экранға қайта оралып отыр.
Турар Давильбеков, актер:
- Көрсетілім алдында қатты қобалжыдым. Тіпті, 3 түн бойы ұйықтамадым. Халық киноны қалай қабылдар екен деп. Түсірілім барысы да мен үшін оңай болмады.
Осылайша, Жеңісхан Момышев жауыр болған актерлерден бас тартып, жаңа есімдерді ашуға тырысқан.
Жеңісхан Момышев, режиссер, продюсер:
– Ұзынқұлақтан естуіміз бар, қарттарға қарағанда жастар көбірек гонорар алады деген. Қаншалықты рас?
- Бұл тұрғыда шындықты айтатын болсам, бүкіл команда көмектесті. Бұл топовый актерлер. Ағаларымыз за пол гонорар. Өйткені сценарийді оқыған кезде, сценарийді шығару керек, Жеңісхан. Қолдаймыз, саған көмектесеміз, осындай кино қазақ халқына керек деді.
Айтпақшы, киноны алғаш болып тамашалауға асыққандар арасынан кью-поп өкілдерін де байқап қалдық. Сөйтсек, жігіттердің тұсаукесерге келуі бекер емес екен.
«EQ» тобы:
- Мен бүгін анаммен келдім, киноны қарайын деп. Және де біз бұл киноға түскенбіз.
- Кімнің рөлін сомдадыңдар?
- Өзіміздің. Сценарий бойынша, бір q- pop қажет болды, сондықтан да біз сол жерде болдық. Қазір Тико екеуміздің дебютіміз болады кинода. Тек қана Жеңісханның дебюты емес, бүгін біздің де шағын дебют деп айтсақ болады.
Ал, Жеңісханның продюсер ретіндегі алғашқы қадамы жемісті болады деп сенеміз!