Лос-Анджелесте жыл сайынғы InStyle Awards шарасы өтті! Аталмыш марапат ерекше стилімен көзге түскен сән, сұлулық және кино саласының өкілдеріне табысталады.
Айтулы шараның негізгі бөліміне қарағанда, қызыл кілем салтанаты қызықтырақ өткендей. Арнаулы жолақ бойында көздің жауын алатын көйлектерімен көптің назарын аударған арулар қарасы мол. Солардың бірі – Джессика Альба.
Сондай-ақ, Дженнифер Гарнер, Оливия Палермо, Кристен Данст те қадірлі қонақтар қатарынан табылды. Десе де бұл кеште өнер өкілдеріне ең стильді марапатты еншілеу бұйырмағанды.
Есесіне, InStyle Awards-та Селин Дион мен Зендаяның сәнгері - Лоу Роуч «өз саласының үздігі» атанса, актриса Крики Лэйн «ең сәнді» ару сыйлығына лайық деп танылды.