Көптен бері өнер әлемінен қол үзіп қалған Бейбіт Қорған жаңа әнін жарыққа шығарды. Эстрада жұлдызының Argoonya лақап атты жас әншімен бірлесе ұсынған ерекше туындысы "Кірмей қала ма деп қорқамын" деп аталады.
Өзі көрінбесе де, әні желідегі жұртты біраз шулатқаны анық. Әсіресе, көпшілік қайырмасындағы сөздерінің мәнін түсінбей дал.
-Әннің текстін оқып едім, ішінде «хит әндердің қатарына кірмей қалама деп қорқамын» деген сөз жоқ екен. Сонда бұл ұятсыз өлең бе?
-Неше түрлі өлең бар екен-ау! Балға, кемпірауыз, отвертка аман болсын!
- Әні де, сөзі де нашар! Осы болады-ау, түсінбеген жастарға. «Анда барам жоқ, мында барам жоқ» - деген ән бер жағы екен ғой онда.
Осы тұрғыда орындаушының өзі инстаграм парақшасында «Әзіл деп жеңіл қабылдаңыздар» деген жазбасын жариялапты.
Қайырлы күн, уақыты! Жаңа толқын әнішісі Аргония мен жазған осындай әзіл әніміз, қатты сөге көрмеңіздер!
Бейбіттің бұл туындысын бірі сөзі үшін жақтырмаса, енді бірі «Бақай» мен «Азиялықтарды» мазақ етті деп тұспалдаған. Осы орайда, әріптестері не дейді екен?
Назарбек Оразбеков, музыкант, сазгер
- Негізі мен бұндай әндер тыңдамаймын.
- Кірмей қала ма деп қорқамын.
-Өшіре берсеңіз болады (күледі) Бұндай әндерді тыңдамаймын, шыны керек. Әркімнің өзінің түйсігі, ойы бар ғой. Біреу көңіл көтергісі келеді. Көбісі жеңіл әндер іздейді, халықтың психологиясы солай ғой.
Кәсіби әрі сапалы жасалған дүниені ғана жаны сүйетін сазгер, музыкант Назарбек Оразбеков әріптесінен гөрі тыңдарманға қапалы. Себебі, сұраныс болғаннан кейін жеңіл-желпі туындылар шыға береді дейді.
Ал алдыңғы буын Роза Қуанышқызы сұраныс бар екен деп, сапасыз туындыларды көбейтуге қарсы. Оның үстіне бар ауыртпалықты тыңдарманға артып қойған дұрыс емес деген ұстанымда.
Роза Рымбаева, Халық әртісі
- Түсіну деңгейі де біздің халықтың әр түрлі. Біреуі қабылдайды бұл музыканы, біреуі қабылдамайды. Талғам әр түрлі. Соған біз әрқашан дайынбыз.