Айсара Бисенова,тілші:
- Айнұр Ілиясова еліміздегі ата-аналарға арналған «Bope форумын» ұйымдастырмақ! Айтулы шара қарсаңында, актриса шоу-бизнес өкілдері мен түрлі сала мамандарының басын бір дастархан басына қосты. Отбасы тақырыбын негіз еткен бұл жобаның мақсаты не? Қазір, сұрастырамыз.
Тележүргізуші, әнші, дизайнер, психолог, блогер. Қысқасы, бұл кездесуге түрлі сала өкілідері түгелдей шақырылған. Отбасы тақырыбын талқыға алған аналар арасында, жалғыз жігіт –Қайрат Құдайбергенов те бар. Бизнесменді де, бүгінгі қоғамдағы отбасы жағдайы алаңдатса керек.
Айнұр Ілиясова, актриса:
– Айнұр ханым, «Бөпе форум» туралы нақтырақ айтып берсеңіз? Мақсаты не? Қандай болмақ?
– Бұл форумның басты мақсаты біздің халыққа ақпаратты жеткізу. Мемлекеттік программалар жайлы, Қазақстандағы отбасы институты қандай жағдайда екені айтылады.
– Әдетте адамдардың көбі, бір қиындыққа тап болып, басынан өткен соң бір қадамға барып жатады. Ал, осы форумды ұйымдастыруға не себеп болды?
- Мен өзім әкесіз өстім. Бұл жаман емес, жақсы емес. Бұл бар нәрсе, бірақ тәрбие жағынан бір нәрселер жеткіліксіз болды. Әке тәрбиесін көрмедім, әке махаббатын көрмедім деген сияқты. Бірақ мен сияқты отбасылар қаншама. Сондықтан да бұл форумның мақсаты осындай нәрсенің басын алу, яғни профилактика.
Әкесіз өскен актрисаның бұл бастамасын, өзге өнер өкілдері де қолдап отыр.
Диная, әнші:
- Қазіргі таңда жастар, соның ішінде мына біздің ұрпақ ата-аналарымызбен салыстырғанда өте шыдамсыз. Бір нәрсе болса, ажырасамын деп шығады. Сондықтан, меніңше мектепте қажетсіз бір сабақтың орнына, отбасылық құндылықтарды дәріптейтін пән енгізсе деймін.
Әсем Нұрсейітова, дизайнер:
- Кейде біз бір-бірімізді түсінбей жатамыз. Бұл енді әр отбасыда болатын мәселелер ғой, оған енді біз бір-бірімізді тыңдауға тырысамыз, сөйлесуге тырысамыз. Егер осындай институттар болып жатса, ол үлкен жанұяларға көмек.
Ал, қоғамдық істерге белсенді араласқан Ілиясова, бұл қарқынмен көп ұзамай шенеунік атануы да бек мүмкін.
– Сізді көбісі шоу-бизнес өкілі ретінде танып қалды. Қазір жауапкершілігі мол істерді жасап жатсыз. Ал, болашақта Аружан Саин сынды мемлекеттік қызметке шақырса барар ма едіңіз?
- Енді ол көңіліңнен шықса. Егер шынымен де жақсы, шынымен де халыққа керек нәрселер көтеріліп жатса, неге бармасқа.
Оған дейін Айнұр, Бөпе форум арқылы өзгелерге көмегін көрсетпек. Актрисаның бұл бастамасы оңынан болады деп сенеміз!