Ал, аты әлемге мәшһүр рэперлер болса, сән әлемінен де пайдаға кенелу жолын тапқан-ды. Мәселен өзінің «Yeezy» спорттық аяқ киімдер топтамасын шығарған Канье Уэст жылына 150 млн доллар кіріс көріп, әйгілі «Forbes» басылымының «ең бай рэперлер» көшін бастады.
Дизайнерлікке бет бұрған Ким Кардашьянның жары, танымал брендтермен серіктестік орнатып, коллаборация да жасаған. Тіпті, рэпердің «New York Fashion Week»-тің подимуына дизайнер ретінде шыққаны да есімізде.
A$AP Rocky да сән әлемінде тренд қалыптастыра біледі. Рэпер бір ай бұрын «Бабушка бой» бейнебаянын шығарған еді. Онда ол орыс әжейлері сынды басына орамал тағып, ерек стильде төбе көрсетеді. Енді хип-хоп орындаушы дәл осы образын брендке айналдыруда.
Lil Uzi Vert бүгінде фэшн блогер. Музыкант сахнаны қойып, фэшн әлеміне толықтай бет бұрмақ. Соңғы кездері тыңдарманын тың туындыларымен қуантуды қойған рэпер, өзін сән кеңесшісі ретінде сынап көрмек.
Инстаргам желісінде 10 млн фолловері бар рэпердің жеке аккаунты да тек фэшн индустрияға негізделген. Тіпті, Lil Uzi Vert жуырда ерлерге арналған жеке коллекциясын жарыққа шығаруға дайындалып жүр.