100 000 $-ЛЫҚ СЫЙЛЫҚ! Карди Би кішкентай қызына қымбат алқа жасатты.

Сообщить о проблеме с эфиром

«Сенен аяғанды ит жесін»! Карди Би қызы Калчер туыла сала бағалы сыйлықтармен көмкерген еді. Әлі сол үрдісінен жаңылған жоқ. Таяуда, бір жасқа толатын кесте тігіріне 100 мың долларлық алқа тарту етті.

Бұйымды жасаған зергер, Калчердің сүйікті мультфильміндегі кейіпкерлерді эмаль, гаухар мен ақ алтыннан құйып дайындағанын айтады.

Гарри ханзада мен Меган Маркл да ақшаны көзіне қарамай шашуға құмар! Бұл жолы жеке жайларына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін, үш миллион доллар жұмсаған. Мұндай ысырапшылдық – Ұлыбритания жұртшылығының ашуын туғызды. Себебі, бұл олардың салықтары есебінен төленген қаржы. Бірақ, қарсы шығар қауһар жоқ.

Жаңа Джеймс Бонд! Агент 007 – нің шытырман оқиғасы жалғасады! Картина авторлары алғашқы түсірілім жұмыстарын көрсетті. Бондиананың бұл жолғы бас қаһарманы - әдеттегідей Дэниел Крейг! Кариб аралдарында таспаланып жатқан сага үлкен экранға 2020 жылдың сәуір айында жол тартады деп жоспарланып жатыр.